Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 сәуір 2024ғылым, экология, ынтымақтастық

АДАМ МИЦКЕВИЧ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОКТОРАНТТАРЫ ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА

Халықаралық академиялық байланыстарды нығайту аясында Польша елінің Адам Мицкевич университетінің докторанттары Шәкәрім университетінде тағылымдамадан өтуге келді. Бұл сапар қос тараптың ынтымақтастығы арқылы мүмкін болып, радиоэкологиялық зерттеулер бойынша білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған.
Докторанттар Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығында жұмысқа кірісіп, бірқатар эксперименттер мен зерттеулер жүргізуде. Shakarim University ұйымдастырған Ғылым апталығы аясында докторанттар университеттің іс-шараларына белсенді қатысып, Химиялық технология және экология кафедрасының студенттері мен оқытушыларына арналған семинарлар, шеберлік сыныптарын өткізді. Тағылымдама аясында кафедраның студенттерімен және оқытушыларымен кездесіп, алдағы зерттеулердің болашағы мен халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Экологиялық ғылымдағы заманауи әдістер мен технологиялар саласындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, докторанттар Семей сынақ полигонының мұражайына барып, өңірдегі радиоэкологиялық зерттеулердің тарихымен танысты. Семей орманында ғалымдар зардап шеккен аумақтардағы экологиялық жағдайды оңалту мен жақсартудың қолданбалы әдістерінің мысалдарын тікелей көре алды.
Бұл сапар – жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының докторанттары үшін Shakarim University тағылымдамадан өтудің алғашқы тәжірибесі. Білім ордасы үшін тағылымдама ғылыми зерттеулерді дамыту мен халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуда жаңа перспективалар ашады. Университет ынтымақтастықтың жаһандық ғылыми қауымдастыққа елеулі үлес қоса отырып, Адам Мицкевич университетімен тығыз ғылыми байланысты дамытуға серпін болатындығына сенімді.
------------------------------------------------------------------------------------------------
ДОКТОРАНТЫ ИЗ УНИВЕРСИТЕТА АДАМА МИЦКЕВИЧА НА СТАЖИРОВКЕ В SHAKARIM UNIVERSITY
В рамках укрепления международных академических связей, группа из трех докторантов Университета Адама Мицкевича, расположенного в Польше, прибыла на стажировку в Shakarim University. Это визит стал возможным благодаря сотрудничеству университетов и нацелен на обмен знаниями и опытом в области радиоэкологических исследований.
Докторанты приступили к работе в Научном центре радиоэкологических исследований (НЦРЭИ), где им предстоит провести серию экспериментов и исследований. В рамках Недели науки, организованной Shakarim University, докторанты активно включились в мероприятия университета, провели ряд семинаров для студентов и преподавателей кафедры Химическая технология и экология.
В ходе своего пребывания, гости из Польши также встретились со студентами и преподавателями кафедры, обсудив перспективы будущих исследований и возможности международного сотрудничества. Отдельное внимание было уделено обмену опытом в области современных методик и технологий в экологической науке.
Кроме научной и учебной работы, докторанты посетили музей Семипалатинского испытательного полигона, где ознакомились с историей радиоэкологических исследований в регионе. Посещение питомника по выращиванию сосны ГЛПР «Семей орманы» позволило ученым непосредственно увидеть примеры прикладных методов реабилитации и улучшения экологической ситуации на пострадавших территориях.
Данный визит стал первым опытом проведения стажировок для докторантов из ведущих зарубежных вузов в Shakarim University, что открывает новые перспективы для развития научных исследований и укрепления международных академических связей. Университет надеется, что такое сотрудничество будет способствовать формированию долгосрочных партнерских отношений и станет толчком к развитию более тесных научных связей с Университетом Адама Мицкевича, внося значимый вклад в глобальную научную общественность.