Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20а. Анықтама телефоны: +7 (7222) 31-87-79

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КЕҢЕСІ

riskk     15 Mar,2013         No Comment

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «…біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру», «…жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек», білім мен кәсіби дағдыларға ие болу үшін «…біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» деген болатын. Ұлт Көшбасшысының алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті жыл сайын Жұмыс берушілердің Кеңесін өткізеді. Биылғы жылы да университет ректоры Ш. Әмірбековтың бастауымен жұмыс берушілер кеңесі болып өтті. Отырыста университеттің білім беру бағдарламалары, мамандарды даярлау сапасы және оларға деген еңбек нарығындағы сұраныс мәселелері қарастырылды. Жұмыс берушілердің біздің бітірушілерге деген сұранысы жыл сайын артып келеді. Осы мақсатта «Ромат» ФК ЖШС, «СемМикс» ЖШС, «Тамаша» ЖШС, «Семей орманы» МОТР және т.б. білім беру траекторияларын жасауға қатысуда.
Отырыс барысында «Семей машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Нұрлан Омаров өз баяндамасында, қазіргі заманның еңбек тенденциялары жайлы, кадрларды даярлау барысында баяндама оқыды. « Қазіргі кезде біз Қазақстанның еңбек нарығындағы тенденцияларды білеміз. Еліміздің экономикасы жылдан жылға дамып келе жатыр. Сонымен қатар, зауыт- фабрикаларда шетелдің сан аулан техникалары жұмыс істеуде. Ал, ол техниканы басқаратын, тілін білетін мамандар жоқтың- қасы. Біздің басты қоятын талабымыз- ол мамандардың бізге сай келуі. Техниканың тілін ұғып, өз жұмысын жақсы атқаратын болса екен» , – деп қорытындылады өз сөзін.
Сондай- ақ, жиында Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Ә. Сүйчинов « Жуырда еліміздің Премьер Министрі Серік Ахметовтың Семей қаласындағы ресми сапарында айтқанындай, Семей- іскерліктің көзі бар қала, бұрын жұмыс істеген,қазіргі таңда жабылып қалған барлық зауыттарды қайта ашу жоспарда бар екенін айтып кетті. Және де ол үшін кәсіби мамандар қажет болады. Ал, кадрларды даярлау оқу орындардың еншісінде деген болатын. Мен толықтай Үкімет басшысымен келісемін. Сонымен қатар, біз де шағын бизнесті дамыту керек. Жас кәсіпкерлерге жол көрсететін шағын бизнесті қолду орталығын ашу керек», -деді ол.
Білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарына неғұрлым сәйкес келуі мен студенттердің практикалық машықтарын меңгеруі үшін университет кәсіпорындармен бірлесе отырып біртіндеп филиалдарды ашуда. «Техникалық физика» кафедрасының филиалы орналасқан ҚР Ұлттық ядролық орталықтың тәжірибесі көрсеткендей еңбек нарығы практикалық машығы бар маманды талап етеді, сондықтан біздің университеттің студенттері бірінші курстан бастап кәсіпорындарда білім ала бастайды. Осыған орай, отырыстың соңында Семей тері- былғары комбинатының бас директоры Рахымғалиев Ж. Н, «Прииртышье бройлерлік құс фабрикасының бас директоры Тастекеев Б. М. мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ш. Әмірбеков өзара меморандум- шартқа қол қойды. Екі ірі кәсіпорынмен келісім шарттың басты мақсаты өзара бір шешімге келе отырып,білікті де, білімді кадрлар даярлау. Отырыста университет ректоры Ш. Әмірбеков кәсіпорын басшыларына, жұмыс берушілерге ұсыныс жасады, жыл сайын жасалынатын студенттердің оқу жоспары енгізіледі, сонда жұмыс берушілер қандай пәндерді оқытқанды қалайтын еді, болашақ білікті мамандарға қандай пәндер жетіспейді, сол жайында сөз қозғады. Қазіргі таңда көптеген студенттеріміз практикадан өткенде қаладағы кәісорындарға баратыны анық. Біздің басты мақсатымыз, ел болашағының дамуына үлес қосатын жоғары деңгейдегі, технологияны жақсы меңгерген, білікті, де білімді жастарды даярлау екенін өз сөзінде айтып өтті.