10 – маусым Қазақстан кәсіподақтары күні

Пресс-служба     13 Jun,2018        

10 – маусым Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне орай, университеттің кәсіподақ комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға құрылымдық бөлімдердің кәсіподақ жұмысын ұйымдастырушылар қатысты.

 

Университеттің кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.С.Мәмбетбаева әлеуметтік әріптестіктегі кәсіподақтың рөлі мен бастауыш кәсіподақ комитетінің атқарып отырған жұмыстарына тоқтала келе, қатысушыларды мерекемен құттықтап, алғысын білдірді.

 Жиында Білім және ғылым қызметкерлерінің Семей аймақтық кәсіподақ кеңесінінің Құрмет грамотасымен кәсіподақ  белсенділері профессор Т.О.Теміртасов, Б.С.Тұңғатова, А.З.Дюсекенова және алғыс хаттарымен Б.Х.Каламов, А.К.Мукатаев, Н.С.Ботабаева марапатталса, бірқатар қызметкерлерге университет кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары табысталды.