«10 жаңа есім» жобасы

Асем Утешева     16 Nov,2017        

Шәкәрім Университетінде «10 жаңа есім» жобасы бастау алды.

«10 жаңа есім» – Университеттегі белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғамдық, ғылыми, коммерциялық немесе саяси маңызды идеялар мен ұсыныстарға бай, ЖОО-ң, қала, аудан, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосамын дейтін жастарға арналған жоба.

«10 жаңа есім» – бұл өздерін дамытумен қатар, Университетті дамытатын перспективті оқытушылар, қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, Университет студенттері.

Жобаға қатысу шарттары

– қатысушылардың жас шектеуі – 35 жасқа дейін;

– жобаға қатысушыларды іріктеу университет бөлімдерінде (кафедра, факультет, департамент, бөлім) жүргізіледі. Үміткерлерді анықтау оның еңбек өтіліміне және ғылыми дәрежесіне байланысты емес.

– іріктеудің негізгі талаптары – кәсіби қызметінде айтарлықтай дәрежеге жету;

– «10 жаңа есім» жобасының номинанттарын анықтау үшін конкурстық комиссия құрылады, олар қатысушылардың іскерлік, жеке қасиеттері жайында ақпаратқа, әлеуметтік және кәсіби қызметінде жеткен дәрежесіне барлық жағынан объективті бағасын береді.

Жобаға қатысушылар портфолиосы 2017 жылдың 28 қарашасына дейін (410 кабинет, Шәкәрім кампусы) қабылданады.

Жобаға қатысушыларды марапаттау ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыста өткізіледі.