17-19 қазаны аралығында «Шәкәрім мұрасы және әлемдік мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді

Пресс-служба     27 Sep,2018        

АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

  Шәкәрім  университеті  ұлы гуманист, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына  орай  2018  жылдың  17-19 қазаны аралығында  «Шәкәрім мұрасы  және әлемдік мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Шәкәрім және әдеби процесс: тарихы, бүгіні, болашағы
  • Шәкәрім және қазақ әдеби тілінің дамуы
  • Шәкәрім және заманауи білім беру мәселелері
  • Шәкәрім және Мәңгілік ел идеясы: тарих пен тағылым, дін және философия

 

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, профессорлар,  жоғары оқу орындарының докторанттары, магистранттары және студенттері шақырылады.

Пленарлық отырыс  2018 жылдың 18 қазанында  Шығыс Қазақстан облысы, Шәкәрім  университетінің бас ғимаратында

( Тәңірберген көшесі, 1)   сағат 10-00 да  басталады.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ,  орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

  • белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;
  • төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес рәсімделген мақала;
  • ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын түбіртек көшірмесі.

БАЯНДАМАЛАРДЫ РӘСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ

  1. Баяндаманың көлемі 5 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номерленбейді.
  2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.
  3. Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12. Қатараралық интервал – бірлік.
  4. Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны көрсетіледі.
  5. Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].
  6. Рефераттық сипаттағы баяндамалар қабылданбайды, студенттердің жеке авторлығындағы баяндамаларға жетекшісінің пікірі болуы міндетті.
  7. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.
  8. Түрік, ағылшын тіліндегі баяндамаларға қазақ тілінде түйіндеме беру міндетті.

Жұмыстарды қабылдау:

Басқа ұйымдар қызметкерлері үшін: мақаланың электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына   elmira5_66@mail.ru  жіберіледі. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы:  Батырова Шәкәрім өтінім;  Батырова Шәкәрім мақала,  Батырова Шәкәрім төлемақы.

Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады, сертификат беріледі. Барлық шығындар конференцияға қатысушылар есебінен.

Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.

Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 4000 теңге көлемінде университеттің келесі банк деректемелері бойынша «Ш.Құдайбердіұлы конференциясына» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын:

БИН 130840007973

ИИК КZ79826F1KZTD2002319  АО «АТФ Банк»

БИК ALMNKZKA

КБЕ 16

КОД ОКПО 30958953

Адрес: РК, 071412, ШҚО, Семей қ.,Глинка 20 «А»

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ

Ұйымдастыру комиссиясының мекенжайы:  Шәкәрім  университеті, Қазақ филологиясы факультеті, Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы, №7 оқу ғимараты, № 511  каб.

  1. Байланыс телефондары:  8 7222 318477, 8-747-063-10-69,  Қаршыға Қайроллақызы (қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент), 8-775-757-01-59, 8-707-190-38-65  Сәмекбаева Эльмира Мақсұтқызы

 

«Шәкәрім мұрасы  және әлемдік мәдениет»  атты  халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысушының өтінімі
Автор (лар)
Тегі, аты, әкесінің аты
Лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы
Мекеме
Мемлекет, Индекс, қала, көше, үй, пәтер (материалдар жинағын жіберу үшін)
Байланыс телефоны
E–mail
Баяндама атауы
Секция атауы
Конференцияға қатысуы (іштей, сырттай)
Қонақ үйде бөлмені жалдау қажеттілігі (иә/жоқ)

 

Әрбір тармақ міндетті түрде толтырылуы қажет.

 Конференцияға қатысушылардың іс-шығындары өз есептерінен немесе   жіберуші жақ есебінен  төленеді.

Конференцияға қатысушылардың келуі –  2018 жылдың 17 қазаны

Конференцияға қатысушылардың кетуі –  2018 жылдың  19  қазаны