Пресс-служба     11 Sep,2018        

Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде жыл сайын өтетін халықаралық «Forest sector in the green economy» жазғы мектебіне Шәкәрім университетінен  «Орман ресурстары және орманшылық» мамандығы бойынша ЛД-511 тобының студенттері Мейргазиева Сара, Муратов Адилет, Кумаргалиев Жанали қатысып қайтты.

Студенттерге V Халықаралық мектебіне белсене қатысқаны үшін сертификат және алғыс хаттар берілді. Ресей, Азербайджан, Түркия мемлекеттерінен келген студенттер болды. Білім тәжірибесімен алмасу өтті, Түркиядан және Чехиядан оқытушылар келіп лекциялар оқылды.