3 курс докторанттарымен есептік кездесу

Пресс-служба     06 Feb,2019        

Ағымдағы жылдың қаңтар айында білім беруді жалғастыру факультетінде университеттің 3 курс докторанттарымен диссертациялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы жайында кездесулер өткізілді.

Докторанттардың есебі аталмыш аядағы білікті тұлғалармен, нақты айтсақ, т.ғ.д., профессор, білім беруді жалғастыру факультетінің деканы А.Какимовпен, т.ғ.д., профессор, 6D072700 – “Азық-түлік тағамдарының теxнологиясы” және 6D073500 – “Тағам қауіпсіздігі” мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес төрағасы К.Амирxановпен, т.ғ.д., профессор, инженерлік-теxнологиялық факультетінің деканы А.Қасеновпен, в.ғ.к., доцент, аграрлық факультетінің деканы С.Сейлгазинамен, сәйкес мамандықтардың кафедра меңгерушілерімен және басқа мамандармен тыңдалды.


Қатысушы ғылым кандидаттарымен және докторларымен диссертация жазуға қатысты бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Диссертациялық кеңес төрағасы Құмарбек Амирxанов докторанттардың дайындығы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының атқарылуы туралы оң пікірін білдірді.

Білім беруді жалғастыру факультетінің деканы Айтбек Какимов докторанттардың жоғары дайындық деңгейі мен алдағы қорғауға дайындығын атап өтті.

Докторанттар тарапынан барлық ескертулер мен ұсыныстар оң қабылданды. Қазіргі уақытта тиісті кафедраларда диссертациялық жұмыстарды алдын ала қорғауға дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.