Абылай – алдыңғы лекте

Асем Утешева     29 Nov,2017        

Жақында Атырау қаласында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Тәуелсіз Қазақстанның әнұранының авторы, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовті ұлықтауға арналған көркем сөз шеберлерінің республикалық сайысы болып өтті. Осы конкурсқа университетіміздің Қазақ филологиясы факультетінің 1-курс студенті Мақсұтбек Абылай Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап қатысып қайтқан еді.

 Сайысқа еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларынан бір-бір саңлақ, жиыны 16 үміткер қатысқан. Байқау екі кезеңнен: прозалық шығарма оқу және поэзиялық туынды оқудан, тұрады. Сайыс қорытындысы бойынша жерлесіміз, жас ақын Абылай үздіктер қатарынан табылып, жүлделі екінші орынды қанжығасына байлап қайтты. Абылай сайыстың жоғары дәрежеде өткенін, бәсекелестіктің өте биік болғанын айтады. Соған қарамастан өзінің тіл тазалығы, сахнада өзін-өзі ұстауы, көркем сөз оқу шеберлігі, өнері арқасында әділқазылар алқасының көңілінен шыға білген. Абылайдың бұл жетістігітек университет қана емес, бүкіл Семей жастарының үлкен биіктерге ұмтылуына үлгі болады деген сенімдеміз.

Абылайды зор жетістігімен құттықтап, өнер жолында шығармашылық шабыт тілейміз, алдыда әлі талай шыңдарды бағындыруына, топ, факультет, университет қана емес, ел мақтанышына айналуына тілектестік білдіреміз.