«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…»

Маржан Смайлханова     25 May,2017        

Академик философ-ғалым, жазушы, Ғарифолла Есім Шәкәрім Университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан өзінің  70 жас мерейтойына арналған «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» тақырыбындағы конфренциясына қатысты. Шығармашылық кештің шымылдығын Шәкәрім Университетінің ректоры Мейір Ескендіров алғы сөзімен ашты. Ғалымды 70 жас мерейтойымен құттықтаған Мейір Ескендіров, елбасы атынан берілген алғыс хатты табыстады.

Өз сөзінде ғалым Ғарифолла Есім,  қазіргі ұрпаққа рухани байлық, тәлім – тәрбие, азық екенін атап өтті.

Келушілердің назарына  алары мол кездесу барысында ғалымның шығармашылығының кітап көрмесі ұсынылды.