Аграрлық факультетіндегі танымдық шара

Пресс-служба     06 Nov,2018        

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама аясында, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру негізінде 2 қараша күні «Ұлттық жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» тақырыбында «Ветеринариялық санитария» кафедрасының студенттері ВС-603,605, 403, 505, 503, 801, 803 топтарының студенттері., «Ветеринариялық медицина» кафедрасының  ВМ-501, 503, 601, 603 топтарының студенттеріарасында пікірталас өтті. Аграрлық факультеті, Ветеринариялық санитария кафедрасы мен Семей жобалық кеңсесі бірлескен шараның мақсаты әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру,өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білу.

   Жалынды жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастырып, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.200 ден аса көрермен жинаған пікірталаста Аграрлық факультеттің Ветеринариялық санитария кафедрасының студенттері: А.Тұрсынбаев, Д.Асылхан, Д.Бейсен, А.Лейц  өз ойларын ортаға салды. ВМ-501 топ студенті Нұрмұхамбетов Данияр өзінің  туған жерге шығарған авторлық өлең жолдарын, ВС-503 топ студенттері Н. Таңат пен С.Байтурғанов тамылжыта ән шырқап берді.Аграрлық факультетінің декан орынбасары А.Закиева, М.Жакиянова, доцент м.а. М.Нуркенова,  А.Койгельдинова, А.Тлеубаева, оқытушылар А.Кузеубаева, Г.Жүзжасарова аталған шараның маңыздылығын атап өтіп «Мәңгілік ел» кафедрасының меңгерушісі Бақытгүл Сейтмұхаметқызы мен Семей жоба кеңсесінің қызметкері, менеджер Нұрсұлу Маратоваға зор алғыстарын білдірді.

Кафедра меңгерушісі А.Байғазанов осы кешке қатысқан студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.