Ағылшын тіліндегі қазақ әдебиеті

Маржан Смайлханова     24 May,2017        

Қазақ филологиясы факультетінің доценті, философия докторыАрай Канапияқызы ЖУНДИБАЕВА  ағылшын тіліндегі  Америка Құрама Штаттары «Edevate University»  оқу базасының  ЖОО білім беру жүйесіндегі «Typical K-12 education in the United States (Model-T ford)» оқу курсын аяқтады.

Білім берудегі кәсіби пәндер циклі бойынша ағылшын тілінде жоба жұмыстарын үйлестіру және мамандыққа байланысты пәндерді ағылшын тілінде оқытудың халықаралық маманы дәрежесін әзірлеу курсынан  сәтті өтіп, «Methods of Teaching  Displines in 21st Century Micro Degree» дәрежесін куәландыратын сертификатын иеленді.

Бұл сертификат оқытушыға мамандық бойынша пәндерді ағылшын тілінде өткізуге, дәріс, тренинг, т.б.  білім саласындағы басқару-ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді.

Философия докторы, доцент Арай Канапияқызы бүгінге дейін бакалавр, магистратура мамандықтарына «Әдеби өлкетану», «Алаш алыптары» пәндерін ағылшын тілінде жүргізіп келеді.

Сонымен қатар, ЖОО оқытушыларының ағылшын тілінде біліктілігін жетілдіру курсы қорытындысы бойынша ( Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ және Швед-Америка Академиясы)   «Advance 2 және  білім берудегі оқыту әдістері» курсын аяқтаған болатын.

Америка Құрама Штаттары «Edevate University»  оқу базасының  ЖОО білім беру жүйесіндегі «Typical K-12 education in the United States (Model-T ford)» оқу курсы нәтижесінде философия докторы, доцент Арай Жундибаева магистранттарға арналған «Әдеби ағымдар мен бағыттар», «Қазақ әдебиетін ЖОО оқыту әдістемесі», «Әдебиет теориясының негіздері», «Шәкәрімтану» оқу пәндерін жаңартылған оқу мазмұнына сәйкес ағылшын тілінде  сәтті әзірледі.

Оқу пәндерінің жаңа мазмұны бойынша жоба жұмыстарының үйлестірілуі және қолданылуы студенттер мен магистранттарға білім беруде жаңа бағыттар береді.