Отзывы студентов

     Біз Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша еліміздің таңдаулы жоғары оқу орындарынан әр түрлі мамандықпен 10 студент келіп білім алудамыз. Біздің осы университеттен алған алғашқы әсерлеріміз өте жақсы. Оқу ғимараттары заманға сай компьютерлік техникалармен, зертханалық құрылғылармен жабдықталған. Осындай академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келіп, оқуға мүмкіндік алғанымызға өте қуаныштымыз, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғалымдарынан сапалы білім аламыз, жақсы достар табамыз деген ойдамыз.

Абдрахметова Балжан Сейсенғазықызы, Ғабдұлкакім Әйгерім Жұлдызбекқызы:

Біз С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінен келіп отырмыз. Бізге университеттің зертханаларының заманауи құрылғылармен жабдықталуы өте қатты әсер қалдырды.

     

   С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген Абдрахметова Балжан Сейсенғазықызы, Ғабдұлкакім Әйгерім Жұлдызбекқызы «Ауыл шаруашылық жануарларын азықтандыру»           зертханалық сабағында.

     

   С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 5В011000 «Физика» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген Айбекқызы Ақсұңқар, Ғатиатова Нұргүл Бахытқанқызын Физика кафедрасының меңгерушісі профессор С.С.Маусымбаев «Оптика», «Механика» , «Студенттердің эксперименттік алаңы» зертханаларымен таныстыруда.

     Бекенов Күншуақ Шахжанұлы: мен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінен келіп отырмын.Маған кітапхана қорлары ұнады,РГБ, РМЭБ, КазНЭБ, Elzevir, Polpred, Znanium базаларынан қосымша ізденуге көп мумкіндік бар екен.

      

        С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің           5В071200 «Машина жасау» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген Бекенов Күншуақ Шахжанұлы университетіміздің кітапханасында кезекті сабаққа дайындық үстінде.

 Бейсембаева Арайлым Талгатовна: маған университеттің оқу ғимараттары мен жатаханаларындағы компьтерлік сыныптар арнайы жабдықталған аудиториялардың интернет WI-FI жүйелері ұнады.

         

        С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің           5В070400 «Есептеу техника және бағдарламалау» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген Бейсембаева Арайлым Талгатовна «Программалау 1» сабағында.          

Турбаева Бахыт Мұхитқызы,Төребай Гүлжайқын Мұхтарқызы:

Біз Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтынан келдік. Бізге жатақхана ұнады, оқу ғимаратына жақын орналасқан өте қолайлы, квартиралық типте. Бөлмелер жаңа жиhаздармен жабдықталған.

   

   Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 5В012000 – Кәсіптік білім мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген Турбаева Бахыт Мұхитқызы,Төребай Гүлжайқын Мұхтарқызы жатақхана бөлмесінде.