АҚШ пен Сириядан шақырылған профессорлар «Геодезия және құрылыс» кафедрасынының оқытушылары мен студенттеріне арналған Семинарға қатысты

Администратор     27 Nov,2018        

«Геодезия және құрылыс» кафедрасында АҚШ-тың Делавэр университетінен келген профессор Виктор Калякин және Сирияның  Дамаск қаласындағы сейсмикалық геотехникалық инжиниринг университетінен келген профессор Талал Аввад қатысуымен «Топырақ негіздерін геосинтетикалық материалдармен беріктендіру және оларды сандық модельдеу арқылы жағдайын бақылау» атты тақырыпты семинар өтті.

Семинар барысында профессорлар түрлі ғимараттар мен имараттардың астындағы топырақ негіздерін бекітудің түрлі жолдарын баяндап берді. Сонымен қоса топырақ негіздерін қазіргі заманғы геосинтетикалық материалдармен бекіту жолдарын көрсетті.

Фото 1. Профессор Калякиннің «Геодезия және құрылыс» кафедрасы студенттері мен оқытушылары алдында алдында баяндауы

Сондай-ақ семинарға Семей қаласындағы «Құрылыс» колледжі студенттері мен оқытушылары шақырылды. Колледж оқытушылары профессорлардың баяндамасын қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарын қойды.

Фото 2. «Геодезия және құрылыс» кафедрасының студенттері баяндаманы тыңдау барысында

Фото 3. Профессор Талала Аввадтың баяндама жасау барысы

Екі шақырылған профессорлар құрылыстың топырақтар механикасы саласындағы үздік ғалымдар болып табылады, және халықаралық кәсіби ассоциация ISSMGE (Халықаралық топырақ механикасы және геотехника қауымдастығы) мүшелері болып табылады

Фото 4. Семинар қатысушыларымен бірігіп түскен сүрет

Шақырылған профессорлардың өткізген семинары кәсіби құрылыс саласын таңдаған оқытушылар мен студенттерге теориялық және практикалық жағынан өте маңызды болды. Және қазіргі таңда ірі қалалар мен астаналардң салыну барысында өзекті болып табылады.