Әлеуметтік қызметкерлерге арналған курс

Асем Утешева     18 May,2018        

Инновациялық білім беру технологиялары орталығы 14-19 мамыр аралығында Тарбағатай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлеріне «Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік-тұрмыстық машықтарға баулу, өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруда әлеуметтік сала қызметкерінің рөлі» тақырыбында курс ұйымдастырды.

Оқу үрдісінде қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің әлеуметтік психологиялық сипатындағы мәселелерді, 18 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің ерекшеліктерін және геронтология мәселелерін қарастырды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық қолдау көрсетудің қазіргі таңдағы әдістерімен жұмыс жасалды. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыстың әдіснамалық тәсілдері, заманауи технологиялары  таныстырылды.

Курсты университеттің психология кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Куребаева, Инновациялық білім беру технологиялары орталығының педагог-психологы Р.Т.Игманова өткізді.