Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20а. Анықтама телефоны: +7 (7222) 31-87-79

«Алты алашқа тәж қала» аймақтық поэзия марафоны өтті

Ким Валерий     11 Jun,2018        

Шәкәрім  университетінде Астана қаласының 20 жылдығына орай  2018 жылдың маусым айының 7-8 күндері  «Алты алашқа тәж қала» атты Д.Бабатайұлы атындағы ақындық мектебі,  «Акме» Халықаралық ағартушылар клубы, және Қазақ филологиясы факультеті Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен аймақтық поэзия марафоны байқауы өтті.

Аймақтық поэзия марафонының мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы идеяларды назарға алып, Тәуелсіздігіміздің символы – Астана қаласының 20 жылдағы елеулі оқиғалары мен қол жеткен табыстарын жырға қосу, Қазақ астаналары мен Астана қаласының тарихына (Бозоқ, Ақмола, Қараөткел) бойлау, өлең өлкесіндегі мен дәстүр мен жаңашылдық, қазіргі қазақ поэзиясының тынысын бағамдау.   Байқауға Семей қаласының ЖОО мен аймақтағы  ақындар мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Байқаудың құрметті қонақтары  ҚР Жазушылар Одағының төрағасы ақын Ұлықбек Есдәулет, ақындар Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Естай Әлікеев және қаланың басқа да зиялы қауымы болды.