ӘРІПТЕСІМІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ  ЖУРНАЛИСІ

Ким Валерий     02 Nov,2017        

Таяуда Қазақстан журналистер одағы  журналистика кафедрасының аға оқытушысы, белгілі журналист Тілеубердиев Дәулетхан Рамазанұлын Қазақстан журналистикасына сіңірген  айрықша  еңбегі  мен  дамытуға қосқан қомақты  үлесі  үшін «Қазақстанның құрметті журналисі», – деген құрмет  белгісімен марапаттады.

Ұзақ жылдар отандық журналистика саласында қызмет етіп келе жатқан белгілі қаламгер еліміздегі салалық журналистиканың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Сонымен қатар Дәулетхан Рамазанұлы БАҚ саласына маман дайындаған ұлағатты ұстаз. Білікті маманнан тәлім алған көптеген жас журналистер  «Егеменді Қазақстан»,   «Семей таңы»  «Ертіс өңірі» газеттерінде, Қазақ радиосында,  «Астана», ««Еуразия» бірінші арнасы», «Қазақстан – Семей»,  «Қазақстан- Өскемен», «ТВК-6» телеарналарында және тағы басқа  көптеген  БАҚ -тарда табысты еңбек етуде.

Әріптесіміз Тілеубердиев Дәулетхан Рамазанұлын  қол жеткізген табысымен шын жүректен құттықтаймыз!

Деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз!

 Ізгі ниетпен,  Журналистика кафедрасының  ұжымы