Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу «Ерлік ешқашан ұмытылмайды»

Пресс-служба     14 Feb,2019        

2019 жылдың 13 ақпанында Инженерлік-технологиялық факультетте Ауған соғысының аяқталуының 30 жылдық мерейтойына орай «Ерлік ешқашан ұмытылмайды»  атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Кездесуге ауған соғысының ардагерлері жауынгер-интернационалистер шақырылды:Өміртаев Еділ Слямғазинович – резервтегі майор, мотоатқыштар взводының командирінің орынбасары.Мыльников Александр Геннадьевич–резевртегі старшина, 66-шы арнайы мотоатқыштар бригадасының 8-ші арнайы байланыс бөлімінің кодтау тобының жетекшісі.Акимов Мухамеджан Мансурович- гвардиялық аға лейтенант, 24-гвардиялық танк полкінің борттық взводының командирінің орынбасары.Тусипов Нұрлан Оразханович – әуе күштері тікұшақ полкінің аэродромдық техникалық қолдауының жеке батальонының  резервтегі қатардағы жауынгер.

Ауған соғысы ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға, бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу,  басы аман, бауыры бүтін көзі тірілеріне құрмет көрсету ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ!