АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ

Пресс-служба     26 Feb,2019        

Кеңес Одағы кезіндегі Ауған соғысына қатысқан ардагер ағаларымыз намысты ту етіп, талай ерліктің үлгісін көрсетті. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толуына орай 22-ақпан күні Шәкәрім университетінің Жоғары Агротехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған кеш жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды 1 минут үнсіздікте еске алумен ашылды. Кездесу-кештің қадірлі қонақтары интернационалист-жауынгер ағаларымыз  Рыспаев Елгелді Соланұлы, Есіркенов Амангелді Жұмақанұлы, Түктібаев Қуантай Ақылбайұлы тарих жылнамасынан  өзінің нәубет жылдарымен орын алған соғыста  бастарынан кешкен ауыр күндері туралы сыр шертіп, студенттерге туған жерін, Отанын, ұлтын сүйетін нағыз патриот болып, елін қорғайтын жігерлі, батыр азамат болу керектігі жайлы ақыл беріп, бейбіт өмірдің қадірін білуге  тәрбиеледі. Жоғары Агротехникалық колледжінің студенттері Жеңісов Алмас, Ермеков Әділ, Амангельдина Айсұлу, Фоминых Надежда, Диц Раисалардың орындауларында ауған соғысына арналған әдеби монтаж бен Шәкәрім университетінің Тарих-педагогика факультетінің студенті Ерғабыл Берікбол патриоттық әндермен көрермендерді жылы ықыласқа бөледі. Көрермен студенттер көкейлеріне түйген сұрақтарын  ауған соғысының ардагерлеріне жолдап, патриоттық сезімге толы, тәрбиелік мәнге ие жауаптармен қанықты. Студенттердің сұраулары бойынша ардагер ағаларымыз жат жерде Отанға, ата-анасына деген сағыныш сезімдерін басқан өлең шумақтарын үзінді ретінде Елгелді Соланұлы «Ана туралы» әнін орындап берді. Кезесу кешінің қонақтарына колледж студенттерінің атынан естелік сыйлықтары табысталды.

Интернационалист жауынгерлердің есімдері мен ерліктерін қазіргі және болашақ ұрпақ білуі тиіс. Ауған соғысының ардагерлеріне сый-құрмет көрсету болашақта жалғасын таба бермек. Мәңгілік ардагерлердің ерліктері жадымызда сақталады.