«Аула клубтары қауымдастығы» мұз айдынына жиналды

Пресс-служба     28 Jan,2019        

24 қаңтар күні Қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Кеңесбаев Ерлан Айтмұхаметұлының ұйымдастыруымен қаланың белсенді деп танылған жастар «Аула клубтары қауымдастығы» Ә.Бөкейханов кампусының мұз айдынына жиналды.

“Тегін мұз айдынының ашылғаны бізді қуантады. Бұл елімізде спорттың дамуын ілгерілетіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. «Аула клубтарының қауымдастығының» педагогы ретінде бүгін балаларды алып келдім, олар қысқы спорт түрлерімен  белсенді түрде шұғылданады. Коньки сырғанауды жақсы көреді, енді бос уақыттарын осы тегін мұз айдынында өткізетіні сөзсіз”, – деді Галина Александровна.

«Мұз айдынында бір күн ғана тегін сырғанап уақыт өткізе аламыз деп ойлап едім, университет қызметкерлері бізге күнде тегін сырғанауға мүмкіндіктің бар екенін айтты. Бүгінгі уақытымызды өте қызықты өткіздік, бізге арнайы музыка қойылып, ыстық шәй мен тәттілер ұсынылды»,- дейді жас спортшы Ислам Садуов.

«Университет ректоры Мейір Ғариполлаұлының кезекті креативті идеясы жастардың ғана емес, қала тұрғындарының да көңілінен шығуда. Бұл білім беру орындарының қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің бір көрінісі»,- деп атап өтті Ерлан Айтмұхаметұлы.

Жастар жылына орайластырылған спорттық шара барлық жиналған балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады.