Белгілі ғалым-педагог Серікбай Сәлімбекұлы 70 жасқа толды

Ерлан Койчибеков     17 Jun,2017        

Шәкәрім Университетінің физика кафедрасында 1970 жылдан бері үздіксіз қызмет атқарып, бүкіл саналы ғұмырын білім мен ғылым саласына арнап келе жатқан құрметті ұстаз, профессор, көрнекті қоғам қайраткері, белгілі ғалым-педагог Серікбай Сәлімбекұлы  Маусымбаевты 70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қамқор да талапшыл басшы, ғылымның тұңғиық иірімдерін терең меңгерген ғалым, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, ұжымыңыз үшін зор мақтаныш, ал жас ғалымдар үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз. Бүгінгі мерейлі жасыңызға тағы да ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!