Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20а. Анықтама телефоны: +7 (7222) 31-87-79

Бесеудің бірі…

Асем Утешева     09 Jul,2018        

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында Елбасы Н. Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі мәресіне жетті. «Барыс Аренада» өткен доданың төрешілік жасау қызметіне Төрешілер кеңесі жыл сайын аса жауапкершілік қарап, сараптамадан өткен тек бес төреші кілемге шығу құқығына ие болады.

Таңдаудан өткен бес төрешінің бірі университет қызметкері, Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, Ұлттық дәрежедегі төреші Жұманбаев Айбек екенін мақтанышпен айта аламыз.

Айта кетейік, еліміздің 17 өңірінен келген 37 палуан арасынан университет түлектері, «Әскер барысы-2018» Ерасыл Қажыбаев «Күміс белбеу» иегері атанса, 2013 жылдың «Барысы» Айбек Нұғымаров өткен жылғы жетістігін қайталап қол жүлдегер атанды.