Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2018 жылдың 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жайымыз: Семей қ., Глинки көш., 20 А, телефон: 31-87-79

Білім – баршаға!

Ким Валерий     15 Sep,2017        

14.09.2017 жылы Жоғары білімнен кейінгі білім орталығы «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми өкілдерімен онлайн-брифинг өткізді. Онлайн-брифингке университетіміздің профессор-оқытушылары және магистранттары қатысты. Брифингтің жұмыс барысында  «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми өкілдеріне шетелге барып оқу туралы сұрақтар қойылды. Онлайн-брифингке еліміздің бірқатар университеттері қатысты. Солардың қатарында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Алматы университеті және т.б.

Онлайн-брифингтің жұмыс барысында алынған мәліметтер магистранттардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыра түсті.