Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20а. Анықтама телефоны: +7 (7222) 31-87-79

Білім беру бағдарламаларын жобалауға құзіреттілік тәсілі

Асем Утешева     15 Jan,2018        

Шәкәрім университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті 2018 жылдың 4 қаңтарынан 9 қаңтарына аралығында білім беру бағдарламаларын дамытудың жаңа тәсілдері бойынша тәжірибелік семинарлар өткізді. Семинарлардың қатысушылары университеттің 37 кафедрасының 110 модульдік білім беру бағдарламасының жетекшілері болды.

Семинарлар барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру бағдарламаларын жобалаудың онлайн жүйесінде жобасы ұсынылды және бір кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру мысалында оқу модулін әзірлеу бойынша практикалық жұмыстар өткізілді.

Алгоритм бойынша жобаның алты сатысы игерілді: білім беру бағдарламасының мақсатын әзірлеу, дайындық бағытының картасы, түлектің біліктілік сипаттамасы, маманның құзыреттілік картасы, пәндердің матрицасының фрагменті, оқу модулінің картасы.

      Бір кәсіптік  құзыреттілік картасын әзірлеу үшін неміс технологиясы «Түймедақ үлгісі» қолданылды, оның құрамында оқу нәтижелері, оқу пәндері және кәсіби құзыреттіліктер көрсетілді.

Семинардың жұмыс топтары қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілді: барлық практикалық сабақтың қадамдарын сипаттамасы, Блум таксономиясының кестесі, Дублин дескрипторлары, Ұлттық біліктілік шеңбері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сайтына сілтемелері және басқа да ақпарат көздері.        Топтардағы бірлескен жұмыс нәтижесі бойынша, семинарға қатысушылар 2018 жылдың 17-18 қаңтар аралығында Университеттің Әдістемелік күндері барысында кафедра оқытушыларына арналған тәжірибелік семинарлар өткізуге шешім қабылдады.