«Білім беру саласындағы менеджмент»

Асем Утешева     16 Nov,2017        

2017 жылдың 06-10 қараша аралығында магистранттар үшін ҚР БҒМ Назарбаев университеті мен Шәкәрім  университеті бағдарлама аясында «Үздік халықаралық стандарттар негізінде менеджмент және кадрлар даярлау салаларында педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік эксперттермен студенттерді оқыту» атты «Білім беру саласындағы менеджмент» тақырыбы бойынша магистранттар мен оқытушы-профессорлар құрамына тренинг өтті. Тренингті Астана қаласының «Ақпараттық-аналитикалық орталық» акционерлік қоғамның бағдарламалық құжаттарына мониторинг жүргізу департаментінің директоры Тулеков Эльдар Мырзабекович өткізді.

Тренинг барысында «Білім – адами капиталды қалыптастырудың шешуші факторы», «Қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігі. Халықаралық салыстырмалы зерттеулер», «Қазақстанның білім беру жүйесінің жаһандық үрдістегі стратегиялық бағыттары», «Жоспарлаудың негізгі әдістері (әдістері, концепциялары)», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі және халықаралық тәжірибе», «Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесс» тақырыптары талқыланды.