Біз-Шәкәрімдіктерміз!

Пресс-служба     23 Feb,2019        

2019 жылдың ақпан айының 21-і күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің жаратылыстану-математика факультетінің биология және қазақ филологиясы факультеті  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттерімен бірге Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен  «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ қабырғасында 10-11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Біз – Шәкәрімдіктерміз» атты іс-шарасы өткізілді. мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Авалканова Төлеуғайша Алиевна оқушыларға Шәкәрім университеті мен мектеп ұжымы арасындағы әрі ден келе жатқан тығыз байланыс бар екендігін айтты.

Одан әрі шарада  информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары Мақсымбаев Мадияр Сайдашович және Рысжанова Айжан Сайлаухановна мектеп оқушыларына Шәкәрім университеті жайлы және кафедра туралы видео көрсетіп, ақпарат берді және университет жетістіктерімен бөлісті.

 

Қазақ филологиясы факультетінің  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  4‑курс студенттері  Божан Айнұр, Бердіраxманова Еңілік, Чакенов Арна факультеттері жайлы толыққанды мәлімет беріп, студенттік өмірдің қызықтарын баяндады және оқушыларды ерекше қызықтырғаны – академиялық ұтқырлық бағдарламасы болды. Бұл жөнінде мәліметті студенттер толығырақ баяндап берді. Өздері болған шет елдердегі қызықты оқиғаларымен де бөлісті. Оқушыларға танымдық сұрақтар да қойылды,  мамандық таңдау жайлы ойлары да тыңдалды.

Жалпы, іс-шарада оқушылар да өз сауалдарын қойып, қажетті жауаптарын да алды.

Информатика мамандығының 4 курс студенттері информатика мамандығы жайлы кеңінен  айтып берді, бүгінгі ақпараттық-технологиялы замандағы маңызын түсіндірді. Іс-шара қорытындысында информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Рысжанов А. С.мектеп түлектеріне мамандық таңдауда қателеспей, өмірден өз орындарың тауып, «дүниенің бір кірпіш боп» қалануларына шын жүрекжарды тілегін білдірді.

Биология кафедрасының оқытушысы Кожахметова Балжан Балташевна биология мамандығының артықшылығы мен биология таңдау пәнін таңдаған студенттердің Шәкәрім университетінің қандай мамандықтарын таңдайалатындықтары туралы толық мағлұмат берді.