Біздің студент Чемпион!

Пресс-служба     19 Feb,2019        

Ақтау қаласында 14-17 ақпан күндері самбо күресінен 2001 – 2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жиыны 450-ден аса балғын балуандар үш күн бойы Ақтаудың төрінде атой салды. Аталмыш ел чемпионатына Дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті Есентай Имаханов 60 келіде чемпион атанып, алтыннан медаль тақты. Айта кетейік, бұл жарысқа балаларды Семей спорт академиясының самбо күресінен жаттықтырушысы, аграрлық факультеттің түлегі Біржан Имаханов бастап апарған болатын.