Бөкейханов кампусында университет мұз айдыны ашылды

Пресс-служба     21 Jan,2019        

2019 жылдың 20 қаңтарында Шәкәрім университетінің Бөкейханов кампусында мұз айдыны ашылды.

Мұз айдынының салтанатты ашылу рәсіміне Семей қаласының әкімі Сәлімов Ермак Бидахметұлы қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде университет ректоры Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы, жаңа мұз айдыны барлық жастағы азаматтар үшін пайдалы және сүйікті демалыс орындардың біріне айналады деп сенім білдірді. Сондай-ақ, кез-келген мекеме қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, туған қаласының дамуына елеулі үлес қосудың маңыздылығын жеткізді.

Салтанатты ашылу соңында іс-шара мұз айдын үстіндегі қызықты спорттық эстафетаға ұласты. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мұз айдынына кіру тегін, жұмыс істеу уақыты кешкі сағат 17.00- 22.00. дейін жұмыс жасайды. Барлық қала тұрғындарын жаңа мұз айдынына шақырамыз!