«Болашақ мамандықтары: дуалды білім беру»

Пресс-служба     11 May,2018        

«Дидактикалық көпір: Еуропа-Азия» халықаралық білім беру форумы аясында «Болашақтың мамандықтары: дуалды білім беру» платформасына Шәкәрім университетінің оқытушылары мен білім алушылары, жұмыс берушілердің өкілдері және Лешно (Польша) қаласының Ян Амос Коменский атындағы Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру мектебінің шақырылған халықаралық сарапшылары қатысты. 12 баяндама тыңдалды және талқыланды.

Польшадан келген проректор, доктор Александр Миколащак «Poland and Kazakhstan on the Eurasian education route» баяндама жасады (баяндама презентациясы поляк тілінде болып, ағылшын тіліне аударылды), онда Польша мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен келешегін толық түсіндіріп, Лешнин моделіндегі дуальды оқыту тәжірибесі туралы айтып берді.

Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Сәуле Серікқызы Тулеугалиева Қазақстан Республикасының дуалды оқыту мәселелері бойынша нормативтік базасы және Шәкәрім университетінің дуалды оқыту элементтерін енгізудегі тәжірибесі қандай (баяндама презентациясы ағылшын тілінде болды) екенін айтып берді. Сәуле Серікқызы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындары үшін Қазақстан Республикасының дуалды оқытудың нормативтік базасына салыстырмалы талдау өткізді: егер колледждерде кәсіптік практика және өндірістік оқу үшін бөлек сағат бөлінсе, онда университетте сағат кәсіби практика және оқу пәнінің 40%-ы өндірісте меңгеру үшін ғана ұсынылады.

Сондай-ақ, Шәкәрім университетінің «Орман және орман шаруашылығы», «Агрономия», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру», «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндеу» 5 мамандығы бойынша дуалды оқыту элементтерін енгізудің шағын тәжірибесіне талдау жасалынды, онда Семей аймағының 12 кәсіпорнында 15 арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар өткізіледі.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау жөніндегі Семей қалалық аумақтық инспекциясының жетекшісі Ж.Б. Ракишевтің баяндамасы өте маңызды болды, онда ол ветеринариялық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін дуалды оқытуды енгізу қажеттігін қолдады және біздің университетіміздің Аграрлық факультетімен ұзақ мерзімді, жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

Оқудың дуалды формасы тәжірибеден өтіп жатқан ұйымдағы түлектерді жұмысқа орналастыруда икемділікті қамтамасыз етеді. Дуалды мамандықтардың түлектері талап етілетін білімді практикада қолдануға, жұмыс орнында қарым-қатынас жасауға, топтық жұмысқа белсенді қатысуға, қызметкерлермен басқарушылық қарым-қатынасқа, бизнес иелерімен, еңбек заңнамасын және экономикалық ережелерді сақтауға дайын болады.