Бородулиха ауданының түлектерімен кездесу

Администратор     08 Feb,2019        

2019 жылдың 5 ақпанында Бородулиха ауданы Білім басқармасының шақыруы бойынша Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері кәсіби бағдар беру жұмысымен Бородулиха ауданына барып қайтты.

Бородулиха ауылындағы Мәдениет сарайының Акт залына Шәкәрім университетінің  өкілдерін тыңдап, өз сауалдарын қоюға ауданның барлық мектеп бітірушілері жиналды. Шәкәрім университеті арнайы бағдарламамен келді: болашақ талапкерлер Кәсіби бағдар беру бөлімінің жетекшісі Е.Я. Шаяхметовтен Шәкәрім университетінің білім бағдарламалары туралы маңызды ақпараттар алды; университет студенттері мерекелік концерт қойды. Оқушылар кешегі университет түлегі Рекрутинг орталығының маманы Садуханов Ерқанаттың қайталанбас студенттік өмір жайлы айтқан әңгімесін қызығушылықпен тыңдады.

Университет студенттері «Шәкәрім университеті жайында Сіз не білесіз?» тақырыбында қызықты викторина өткізіп, ең белсенді қатысушыларды сыйлықтармен марапаттады.

 

Ары қарай кездесу Кіші залда жалғасын тауып, Рекрутинг орталығының мамандары Е.Я. Шаяхметов пен Е.Е. Садуханов 11 сынып оқушыларының аймақтағы танымал мамандықтар жайлы, Шәкәрім университетінде білім беру және тұрғылықты орынмен қамту мүмкіндіктері мен жағдайлары туралы қойған сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бітірушілермен өткізілген осындай кездесулер оларға Шәкәрім университеті туралы ең маңызды және сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді және ең маңызды қадам – болашақ мамандық таңдауды жеңілдетеді.