Бұл той бұрынғы тойдан өзгерек… Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығы

Пресс-служба     22 Oct,2018        

Иә бұл той Шәкәрім шаңырағы үшін жылдың басты тойы, атаулы күні десе болғандай. Қазақтан шыққан тұңғыш философ (пәлсапа), ең бірінші Абайтанушы, гуманист, Алаштың ақсақалы Шәкәрім бабаның мерейтойын жоғары дәрежеде атап өту күллі шаһар үшін жауапты жұмыс еді. Ректор Мейір Ғариполланың бастамасымен үш күнге созылған шара қалың көпшілікке жаңалық пен жарқын сәтттерді, өнер туындылары мен өр көңіл сыйлады. Рәсім бойынша ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойған соң, қадірлі ел ағалары суретші Нұрбұлан Өтепбаевтың көптен күткен «Өнердегі философия» кітабының тұсауын кесті.

 

«Ұлылар жүрген ізбенен» тақырыбында Мақаш Тыныштық байұлының көрмесі университет холын бөлек атмосфераға бөлеп, батыстық үлгідегі залдарға әкелгендей әсерде қалдырады екен. Екі суретшінің де шығармашылығында Шәкәрім – шоқтығы биік тақырып, бірі Құнанбай әулетінің кесін-келбетін айна қатесіз қағазға түсірсе, бірі Шәкәрім трагедеиясын картиналарына арқау еткен.

  

   Екінші күннегізгі іс-шара “Шәкәрім мұрасы және әлемдік мәдениет” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғасты.  Пленарлық отырысқа жүздеген адам жиналды. Конференцияның басты мақсаты-Шәкәрім шығармашылығын зерттейтін шетелдік және отандық ғалымдарды, білім беру, мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлерін тарту арқылы, сондай-ақ жаңа идеялар мен білімді енгізу арқылы жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Шәкәрім университеті және Абайдың “Жидебай—Бөрілі”мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы ұйымдастырды.Конференцияға жиналған барлық қатысушыларға ректор Мейір Ғариполлаұлы құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш конференция Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы мен ол туралы жарқын естелікті сақтау тәсілі ретінде тарихқа енетініне сенім білдірді.

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың «Келешектің ойын ашқан»  тарихи-философиялық пайымдауы ғылымға құштар әрбір жасқа ең тұщымды дүние болды.

 

Одан кейін ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Есім Ғарифолла “Үш анық”баяндамасындаданышпанның өмір шындығын, қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын көрсеткеніне тағы да назар аударды.  Абайдың өлеңін оқып-үйреніп, шешендік өнерді, шығармашылық пен музыкаға деген махаббатты құрметтеген оның мектебінің нағыз оқушысы болғандығын,. әділдік,адамгершілік, мейірімділік, ақыл-ой сияқты мәңгілік ұғымдарға үндегенін айтты.

Конференцияға қатысушылар Түркияның қонағы, PhD докторы, профессор Хусейн Каһраман Мутлудың пікірлері де жиналған қауымды қызықтырды.”Ясная Поляна” мұражай-үйінің аға ғылыми қызметкері Игорь Карачевцев Лев Николаевич Толстойдың мұрасын Ресейде сақтағаны туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

      Конференция соңында университет ректоры Шәкәрім шығармашылығы әр адамды жылытып, бүкіл әлем бойынша жарқын ақыл-ойды біріктіріп келе жатқанынатап өтті.

Кештің ұмытылмас сәті – Алаш қаласы үшін тарихтың жоғалған жүлгесін іздеп, жоғын түгендеген азаматтар ретінде орны бөлек, тәлім алар тұлғалар,  университет тарихында қаншама игі істер мен батыл бастамаларға мұрындық болған, намыс пен жігердің, ерлік пен ертеңге деген  сенімнің жарқын үлгісін көрсеткен Шәкәрімтану, Алаш арыстарынзерттеу есімдерімен тығыз байланысты Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессоры  Ғарифолла Есім Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Шәкәрімнің Алтын белгісі” марапатына ие болды.