“Дана басшы іргелі елдің кепілі” атты дөңгелек үстел өткізілді

Асем Утешева     30 Nov,2017        

Семей қаласы Шәкәрім  университетінің “Тариx-педагогика” факультеті, “Қазақстан тариxы” кафедрасы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай, “Дана басшы іргелі елдің кепілі” атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстелдің мақсатын модератор тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ. Байсарина «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы мен дамып-нығаюында тұңғыш президенттің рөлін ашып көрсету» деп атап айтты. Ой талқыға Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев А.С, Тариx-педагогика факультеті деканы Тұрғанбаева Б.Ш., кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрам, қала мектептерінің мұғалімдері мен тариx мамандығы магистранттары және студенттері қатысты.