Дәстүрлі «Ашық есік күні»

Пресс-служба     22 Feb,2019        

2019 жылы ақпанның 21 күні тарих-педагогика факультеті  қала мектептерінің бітіруші түлектерін, кәсіби мамандықтарға бағыттау мақсатында қалалық «Ашық есік» күнін ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды факультетіміздің іргелі мамандықтарымен таныстыра отырып, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарастарын қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ, кәсіби мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылыстарын ояту.

«Ашық есік» күнінің өтілуі барысында «Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру» орталығының бас маманы Шаяхметов Е.Е. 2019-2020 оқу жылдарында түлектерді қабылдау процесінің қалай өтетініне тоқталып, факультет деканы Тұрғанбаева Б.Ш. мен кафедра меңгерушілері бітірушілерге факультеттегі әр мамандықтар және олардың бүгінгі күндегі қарқынды дамуы мен жетістіктерінен сөз етті. Әр мамандық бойынша таныстыру, үгіт-насихат жұмыстары мен тренингтер жүргізіліп, оқушыларға ақпараттық таратпа материалдары  берілді.

Қаланың бітіруші түлектері университетіміздің шығармашылық үйірмелерінің жұмысымен де танысып, факультеттің Президент степендиаттарымен сұхбаттасты.