«Diploma party»

Ерлан Койчибеков     01 Jul,2017        

Шәкәрім Университеті бітіруші түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсіміне арналған көптен күткен  «Diploma party» кешін өткізді. Мерекелік іс-шараның шымылдығын ашқан Университет ректоры Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы түлектерге жүрекжарды лебізін білдіріп, дипломдарын табыстады.

Алғаш рет өткізіліп отырған мерекелік кеш студенттерге көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлағаны сөзсіз. Қаламыздың ең танымал диджейі Vakiloff-тың әдемі әуендеріне билеген жастардың куаныштарында шек болмады.  Мерекелік от шашуға ұласқан аталмыш іс-шара дәстүрге айналады деп сенеміз.