Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20а. Анықтама телефоны: +7 (7222) 31-87-79

Достоевский атындағы мұражаймен ынтымақтастық

Асем Утешева     28 Apr,2018        

2018ж. 21 сәуірінде орыс филология кафедрасының жоспары бойынша Ф.М.Достоевский атындағы Әдеби-мемориалдық мұражайында Горно-Алтай мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры филология ғылымдарының докторы П. В. Алексеев қатысуымен “Достоевский және 21 ғасырдағы мәдениетаралық қарым-қатынас” атты Халықаралық ғылыми семинар өтті.

Семинарда профессор достоевскийтанудың кәзіргі өзекті мәселелері туралы баяндама жасады, және орыс әдебиеттің маңызды мәселелерінің зерттеүі  еуразиялық контексте талқыланды.

Сонымен қатар семинар жұмысына мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының мұғалімдері қатысып, жаңартылған мазмұнымен білім беруге көшу жағдайында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың проблемалары туралы сөз көтерілді.