Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2018 жылдың 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жайымыз: Семей қ., Глинки көш., 20 А, телефон: 31-87-79

«Екі жұлдыз – 2017» байқауы өткізілді

Асем Утешева     04 Dec,2017        

Қараша айының 29-ы күні, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» мен Студенттік парламенттің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай «Екі жұлдыз – 2017» факультетаралық ән байқауы өткізілді.

   Жалпы ән байқауы ІІ кезеңнең тұрды. 1-кезең. Белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың репертуарындағы белгілі әндерін орындау.2-кезең. Әр жұп кез-келген эстрада жұлдыздарының әнің орындауы қажет.Жәнеде Шәкәрім университетінің Қазақстан студенттер Альянсының  инстаграм желісіндегі ресми парақшасында, яғни  @semgu_ask парақшасында арнайы қатысушыларға «SuperLike» номинациясы бойынша фото-конкурс ұйымдастырылды.  Конкурс 16:00 ден 17: 30 аралығында жұптардың фотосуреттеріне лүпіл жинау арқылы өткізілді. Ең көп лүпіл жинаған жұп  Ақпараттық – коммуникациялық факультетінің Жұмаділов Ілияс пен Сарғали Әдемі  «SuperLike» номинацияның жеңімпазы атанды.

Мерекелік концерт болғандықтан, арнайы Көңілді тапқырла командалары мен биші қонақтарымыз шақырылып, концерт көркін аша түсті..

Байқау соңында әділ қазылар алқасы қатысушыларымызға кеңестерін айтып, оларға бағыт-бағдар беріп, барлық қатысушыларымызды номинациялармен марапаттады. Сайыс болған соң, жеңімпазда болады. «Екі жұлдыз – 2017»  факультетаралқ ән байқауының І орын иегерлері Экономика және құқық факультетінің Курманбекова Гульсум Алдонгаровна мен шәкіртті Муфтиев Бекарыс атанды; ІІ орын иегерлері –  Қазақ  – филология факультетінің оқытушысы Мұқанов Азизбен шәкіртті Жұматаева Гульдана; ІІІ орын иегерлері – Инженерлік-технологиялық факультетінің Қуаныш Серикболович , Жұмабекова Жанбота