«Екі жұлдыз – 2019» конкурсының «студент+оқушы» форматындағы іріктеу туры

Администратор     11 Feb,2019        

2019 жылдың 6 ақпанында Семей қаласының мектеп оқушылары мен Шәкәрім университеті студенттері арасында «Жастар жылына» арналған «Екі жұлдыз» байқауының бірінші туры өтті. Іріктеу турына № 1, 4, 21, 22, 23, 28, 31, 32, 33, 36, 39, 42 мектептері мен Шәкәрім университетінің студенттері қатысты.


 

 

Шәкәрім кампусының Акт залы сайысқа қатысушыларды жанкүйер ретінде қолдауға келген  мұғалімдер мен мектеп оқушыларына лық толды. Байқау қатысушыларға конкурс шарттарының түсіндірумен  басталды, одан кейін қазылар алқасы: Рекрутинг орталығының жетекшісі Солтанбекова О.Т., Семей қаласы мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Г.Ж. Қуанышева, «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы Тыныбаева Ж.Т. «Музыкалық білім» мамандығының студенті – «Екі жұлдыз – 2017» Гран-при иегері С.Мұратова студенттер мен оқушылардың өнерін бағалады. Нәтижесінде жеңімпаз ретінде студент пен мектеп оқушыларының жеті жұбы іріктелініп алынды, олар сайысты «Екі жұлдыз» байқауының финалында жалғастыратын болады.

Рекрутинг орталығының жетекшісі Орынбасар Туяковна конкурс қорытындысын жариялағаннан кейін, финалистер мен олардың жанкүйерлерін құттықтап, мектеп оқушыларын 2019 жылы 1 наурызда өтетін ақтық сайысты тамашалауға Шәкәрім университетіне шақырды.