Екі жұлдыз -2019

Администратор     21 Jan,2019        

Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы дәстүрлі түрде өтетін жыл сайынғы «Екі жұлдыз» байқауын жариялайды. Бұл сайысқа қала мектептерінің 10 – 11 сынып оқушылары және Шәкәрім университетінің студенттері қатыса алады (студент + оқушы).

Сайысқа қаламыздың әр мектептерінен 10 – 11 сыныптар арасынан тек бір оқушы қатыса алады.

Бағыңызды сынап көргіңіз келсе, 2019 жылдың 1 ақпанына дейін  semgu.cra@mail.ru почтасына өтініш толтырып жіберсеңіз болады.

Барлық сұрақтар бойынша : 8(7222) 31 54 63.

Сайыстың соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар және де мадақтамалар табысталады.