«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ АҚТЫҚ СЫНЫ «СТУДЕНТ + МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ» форматында

Администратор     04 Mar,2019        

Көктемнің алғашқы күні Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығы ұйымдастырған «Екі жұлдыз: студент + мектеп оқушысы» байқауының соңғы кезеңінің әсем концертімен есте қалды.

Ақтық сын екі кезеңнен тұрды:

  1. Шетел тілінде ән шырқау
  2. Бір танымал бейнебаян орындап, оған қойылым жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай кампусының акт залында өткізілген конкурстың ақтық кезеңіне  өз жұптарын қолдауға жүздеген жанкүйерлер жиналды. Бесқарай, Бородулиха және Шемонаиха аудандарының мектеп түлектері де университет қонақтары ретінде көрермендер қатарын толықтырды.

Қазылар алқасының құрамында музыкалық білім беру саласының тәжірибелі сарапшылары, атап айтқанда, Талапкерлерді рекрутингілеу орталығының жетекшісі – Солтанбекова Орынбасар Туяковна, Семей қалалық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі – Куанышева Гульжан Жаксыбаевна және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары – «Музыкалық білім» кафедрасының оқытушылары  Саткенова Анаргуль Аргыновна мен Тыныбаева Жания Токановна болды.

Байқау қорытындысы бойынша №31 мектеп оқушысы Алимбекова Адиля  мен Қазақ филологиясы факультетінің 3-курс студенті Калкенова Шырынгуль «Көрермендер көзайымы» аталымына ие болды.

«Романтикалық дуэт» аталымын №42 мектеп-гимназиясының оқушысы Жақсылықова Еркежан мен Аграрлық факультеттің 1-курс студенті Жуматаев Жаксылык жеңіп алды.

Жүлделі 3-орын инженерлік-технологиялық факультет студенті Амантаев Ғани мен №22 орта мектептің оқушысы Серік Аружан жұбына бұйырды.

Жүлделі 2-орынды тарих-педагогика факультетінің 2-курс студенті Турысбеков Алихан мен №23 орта мектептің оқушысы Есимхан Нурай жұбы иеленді.

1-орынды инженерлік-технологиялық факультет студенті  Сансызбай Абылайхан мен №42 мектеп оқушысы Акжигитова Дильназ жеңіп алды.

«Екі жұлдыз» байқауының  Гран-при жүлдесін тарих-педагогикалық факультетінің студенті Айдарулы Адиль мен №36 мектеп оқушысы Құрманғалиева Гаухар жеңіп алды.

Университетіміз бен қала мектептерінде дарынды жастардың болғаны қандай керемет, олар өз шығармашылықтарымен мектеп және университет өмірін жарқын, әрі қызықты етуде!