Еліміздің ауылшаруашылығын дамытуда аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаз, білікті агроном -70 жаста!

Асем Утешева     14 Jun,2018        

Шәкәрім университетінің Аграрлық факультетінде Сәрсембаев Бақтығали Сапаргалиұлының 70-жас мерей тойына арналған кеңейтілген ғылыми кеңес өткізілді.

Мерекелік іс-шараның салтанаты кешін факультет деканы Сейлгазина Сауле Мункановна ашты. Бақтыгали Сапарғалиұлының «Агрономия» мамандығын ашуда қосқан ерен еңбегінің үлкен орын алатындығын атап өтті.

Семей қаласындағы КФА-ның президенті Апсалямов Надирбек Апсалямович, Семей машина заводының директоры Омаров Нурлан Срайлович, «Семей орманы» директоры Байболов Даулет Какенович, ауылшаруашылық бақылау станциясының директоры Каптагаев Шакарим Калиханович, Семей қаласының ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Стамбеков Токтаргажы Аюбаевич және кафедра меңгерушілері, салтанатты жиынның құрметті қонақтары болды.

Бірі Сәрсембаев Бақтығали Сапаргалиұлының ҚР ауыл шаруашылық саласына қосқан орнын, бірі ұстаздық жолын, енді бірі азаматтық қасиетін сөз етті. Салтанатты жиынның соңында факультет деканы университетіміздің ректоры Мейр Гариполаұлының құттықтау сөзін жеткізді.