ЕҢ ҮЗДІК ВИДЕОРОЛИКТЕР – ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДЕ!

Пресс-служба     21 Dec,2018        

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындары студенттері арасында «ЖАСТАРДЫҢ БІЛІМГЕ КӨЗҚАРАСЫ» тақырыбында бейнероликтер конкурсын жариялаған-ды.

Республикалық конкурсқа Шәкәрім университетінің журналистика мамандығының студенттері де белсенді атсалысты.

Болашақ жас журналистер «Жұмысшы-кәсіпкерді насихаттау», «5 күндік оқу аптасы және баланы дамыту үшін оң үлгілері», «Қазақстан және жаһандық білім» тақырыптары бойынша 4 видеотүсірілімдер дайындап (15 студент) жүлделі  – ең үздік ДИПЛОММЕН марапатталды.

Құттықтау рәсімі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жастардың шығармашылығын шыңдайтын «Айна» телестудиясында өтті.

Журналистика мамандығының ЖУ-701, ЖУ-703, ЖУ-601, ЖУ-511 топ студенттерін «ЖАСТАРДЫҢ БІЛІМГЕ КӨЗҚАРАСЫ» республикалық бейнероликтер байқауынан жүлделі ДИПЛОМ алуларымен құттықтаймыз.

 

Журналистика кафедрасы