28 october 2024

"Жетістік кілттері" атты психологиялық қолдау тренингі

Shakarim University Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі Ш.Сатиева:  "Жетістік кілттері" атты психологиялық қолдау  тренингін «В011 – Информатика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға келген ғылыми жетекшілерше өткізді. Олимпиадаға Ә. Марғұлан унив., Атырау унив., І.Жансүгіров унив., Қаз ҰҚПУ., Ө. Жәнібеков ОҚПУ., Абай ат. Қаз ҰПУ., Қорқыт ата ҚУ., Ш. Уәлиханов ат КУ тсс. оқу орындарының оқытушылары қатысты. Республикалық Олимпиадаға келген жетекшілер үшін арнайы тренинг ұйымдастырудың мақсаты - олардың психологиялық күйзеліс деңгейін азайту, стресске қарсы тұру қабілеттерін арттыру, команда ішіндегі қарым-қатынасты жақсарту және оқушылармен тиімді жұмыс істеуге психологиялық қолдау көрсету.