15 april 2025

"Білім беру – стресс емес, шабыт!"

📌 "Білім беру – стресс емес, шабыт!"
Shakarim University Физика-химия ғылымдары және Тамақ инженериясы зерттеу мектептерінде жас оқытушыларға арналған кезекті психологиялық тренинг өтті!

🎯 Мақсаты: кәсіби күйіп кетудің алдын алу, жанжалдарды басқару, стрессті жеңу және студенттермен тиімді қарым-қатынас орнату бойынша лайфхактармен бөлісу.

🧠 Тренингті Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі, профессор Ш.Сатиева жүргізді.

Жас оқытушылар өз әсерлерімен бөлісті:
– «Өзімді түсініп, күйзелісті басқару жолдарын үйрендім!»
– «Мотивация алып, студенттермен жұмыс істеуге жаңа көзқарас қалыптасты!»
– «Күнделікті күйбеңнен шабытқа толы сәттерді іздеуді үйрендім!»