5В080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы

Біліктілігі– Орман шаруашылығы және орман ресурстары бакалавры бакалавры
Оқу мерзімі – 4 жыл
Тандау бойынша пән – география
Кәсіби қызметінің саласы орман шаруашылығында, орман шаруашылығын құруда, коммерциялық орманшылықта, елді мекендерді көгалдандыруда, қорғаныш орман алқаптарын өсіруде, орманды күтіп-баптауда қолдануға болады.
Кәсіби қызметтінің пәні
Бітірушілердің кәсібтік қызмет пәніне орманды қорғайтын жұмыстарды ұйымдастыру, орманды негізгі, аралық және рекреациялық пайдалану,
екпе ормандарды құру және отырғызу материалдарын өсіру,
елді мекендерді көлдандыру жатады.
Кәсіби қызметтінің объектілері
Бітірушілердің кәсібтік қызмет объектісі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, ұлттық және табиғи ормандары, саябақтар, қорықтар, орман шаруашылығын құратын кәсіпорындары, көгалдандыру ұйымдары, питомниктер бола алады.