Кафедра меңгерушісі: Нуржуманова Жанат Мекешовна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 53-07-92
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Шугаева 159 к, 1 қабат
E-mail: ekologiya-zos@mail.ru

Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының «Республикалық білім және ғылым министрлігі мекемелерін қайта құру туралы» үкімет қаулысымен құрылды.
Кафедраның алғашқы 2004-2006 жылдардағы меңгерушісі техника ғылымының кандидаты, доцент Сарсембенова Орынжамал Жүнісбекқызы болды.

2006 жылдан ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, доцент Жанадилов Амангелді Юртайұлы басқарып, 01.09.2006 жылы құрылыс және қоршаған ортаны қорғау факультетінің деканы болып тағайындалды 2006-2008 жылдары, одан кейін 2012-2013 жылы кафедраны медицина ғылымының докторы Апсаликов Казбек Негматұлы басқарды 2008-2009 жылдары ветеринария ғылымдарының кандидаты Хусайынова Найля Толтаевна кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2009-2011 жылдары кафедра меңгерушісі биология ғылымының докторы Сатаева Алия Рифхатовна болды.

2003-2013 жылдары Семей мемлекеттік педогогикалық институтының Экология және табиғатты пайдалану кафедрасын экология саласындағы парасатты ғалым, Қазақстанның жоғары мектебіне еңбегі сіңген академик, профессор, биология ғылымдарының докторы Панин Михаил Семенович басқарды.

Шәкәрім атындағы СМУ мен СМПИ қосылуына байланысты Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік универститетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі болып ветеринария ғылымдарының кандидаты Кабышева Жанар Кобегеновна тағайындалды. 2014 оқу жылынан кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, доцент Артамонова Елена Николаевна басқарды. Қазіргі уақытта 2016 оқу жылы кафедраны ветеринария ғылымдарының кандидаты Нуржуманова Жанат Мекешовна басқаруда.

Кафедра   дайындау бойынша 5В060800 «Экология» және 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтарына оқу – тәрбиелік үрдістер жүргізіледі және екі мамандық бойынша өндіріс орындарына, халық шаруашылығына ғылыми және оқу орындарына мамандар дайындауды жүзеге асырады.

Кафедра құрамында 2 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 6 ғылым магистрі қызмет етеді. Кафедра дәрежелілігі 67% құрайды. Кафедрада білім сапасын арттыру мақсатында, Экология мамандығы бойынша магистратура ашуға мүмкіндік берді. Кафедраның штаты ғана емес, сонымен бірге студенттердің саны да артып келеді. Кафедраның құрамында кәсіби тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Кафедраның өрлеуіне Панин М.С., Сатаева А.Р., Жанадилов А.Ю., Сарсембенова О.Ж., Григорьева И.Я., Скрипникова Л.В., Хусайынова Н.Т., Артамонова Е.Н., Евлампиева Е.Н., Поливкина Е.Н., Жумабеков С.Ж., Бейсебаев Ш.Т. үлкен үлестерін қосты. Профессорлар Панин М.С., Сатаева А.Р. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегерлері. Профессор Панин М.С. ірі ғылыми эколого- биогеохимиялық мектебін ашты. Педогогикалық білім берудің Халықаралық ғылыми академиясының басқаруымен кафедра базасында «Экологиялық орталық» ашылды. «Қоршаған ортадағы ауыр металдар мен радионуклидтер» мәселесі бойынша 2000-2012 жж. аралығында жеті Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциялар өткізілді. 7 монография, 7 оқулық және 20 оқу құралы, 1300 аса ғылыми жұмыстары жарыққа шыққан. «Экология» және «Геоэкология» мамандықтары бойынша 5 докторлық, 32 кандидаттық және 58 магистрлік диссертацияларға жетекшілік жасады. Сатаева А. Р. 2013 жылдың мамыр айында Конкорд-Фиджип Евроталант Халықаралық Академиясының шақыруымен ғылыми стажировкадан өтті (Франция, Бельгия, Люксембург, Швейцария). Баку (Азербайжан) қаласында 2013 жылдың сәуір айында, Турция 2013 жылдың маусым айында өткен Халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференцияға қатысты. 2014 жылы 2014 г. Артамонова Е.Н. және Евлампиева Е.П. Мәскеу қаласындағы Вернадский атындағы геохимия және аналитикалық химия институтында ғылыми стажировкадан өтті және Испанияда өткен Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысты. б.ғ.к., Евлампиева ҚР білім және ғылым министрлігі ұсынған 2010-2012 жж. жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми степендияның иегері. Кафедра сонымен бірге қаламыздағы мектептермен экологиялық білімді концепциялық дамыту жоспарында тығыз байланыста. Жылда дәстүрлі түрде     оқу-әдістемелік конференция (семинар) қаламыздағы мектептің оқытушыларымен өткізеді. Қазақстан републикасының тәуелсідігінің 20-жылдығына орай ғылыми-практикалық қалалық конференция «Оқу-ізденіс әрекеттерінің және инновациялық қазарігі экологиялық білім» (30 сәуір 2011); Аймақтық ғылми-практикалық конференция «Заманауи экологиялық мәселелер және Шығыс Қазақстан обылысының тұрақты дамуы» атты аймақтық ғылыми –практикалық конференциясы (25 сәуір 2012); «Қоршаған ортадағы ауыр металдар мен радионуклидтер» мәселесі бойынша 2000 жылдан  онан астам Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциялар өткізілді.
Кафедра халықаралық бірігіп жұмыс істеуді академиялық мобильдеу арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар, экологиялық білім мен тәрбие саласында ғылыми тәжірибені дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының және шет ел мемлекеттерінің ЖОО мен ғылыми институттарынан ғалымдарды шақыру ұйымдастырылды. Осы жылдар ішінде кафедрада Ресейден (Ломоносов атындағы ММУ, оңтүстік аймақтық мемлекеттік университетінің геохимия және биосфера институты, В.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті, Ботаника және фитоинтродукция институты және т.б.) ғалымдар келіп дәріс өткізді.
«5В060800-Экология», «6М060800-Экология», «5В073100-Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының  студенттеріне және магистранттарына  доктор PhD Химия-технологиялық және металлургия университетінен шетелдік ғалым Спасска Атанасова  Янева. ( София қ., Болгария) дәріс оқыды.
В.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетінің Экология және табиғатты пайдалану кафедрасының профессоры б.ғ.д, Соловьев С.А. дәріс оқыды.
Новосібір мемлекеттік аграрлық университетінің Агроэкология және микробиология кафедрасының профессоры, б.ғ.д. Коробова Л.Н. дәріс оқыды.
Назарбаев атындағы университеттің PhD докторы, профессор Михайловский С.А. дәріс оқыды.
Радиациялық қауіпсіздік бойынша студенттер мен магистранттарға Курчатов қаласының радиациялық қауіпсіздік және экология институтының оқу – ақпараттық орталығының жетекшісі Стрильчук Ю.Г. дәріс оқыды.

Кафедра экологиялық білім концепциясын жетілдіру жоспарымен мектептермен жұмыс жасайды. ҚР білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Дарын» Республикалық ғылыми – тәжірибелік орталығы мектептер арасында:

  • жеті республикалық экологиялық олимпиада (2007-2013жж) өткізді. ҚР барлық облыстарынан 1000 оқушылар келіп қатысты;
  • үш аймақтық экологиялық олимпиада (2014-2016 жж) өткізілді. Шығыс Қазақстан өңірінен шамамен 200 мектеп оқушылары қатысты.

2008 жылдан бастап студент – экологтар командалары (Байгабулов Д., Сысоева Е., Смаилова Г., Станкевич А., Омирзакова А.) экология бойынша Әль – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет өткізетін Республикалық студенттер олимпиадасында жүлделі орындарға ие болады (Алматы қ.)

      Кәсіби және өндірістік тәжірибені өту сапасын жақсарту 2010 жылдан бастап Курчатов қаласындағы ҚР ҒЯО бөлімшесінде құрылды, сонымен бірге Курчатов қаласында ҚР ҒЯО бөлімшесінде оқу сабақтарын (дәріс, зерттханалық-практикалық) өткізеді. Тәжірибе өту жөніндегі кафедрадағы мәліметтер қаламыздың басылымдарынан үздіксіз мақалалар шығып отырады (кафедраның аға оқытушысы Бейсебаева Ш.Т. «Өндірістік тәжірибесінің оқу ісіндегі маңызы зор») статья жазды.

 

МС ИСО 9001:2008 стандарт талабына сай сапа менеджмент жүйесі бойынша сапалы білім беру, жоғары білімді, нарық жағдайында бәсекеге қабілетті, білікті, адамгершілік және зияткерлік қасиеттерді жоғары қоятын бакалаврлар мен магистрлерді даярлау, тәрбиелеу бағытында жұмыстар атқару.

  1. МС ИСО 9001: 2008 талаптарына сәйкес сертификатталған аудит жүйесінің сапа менеджментінің нәтижесі бойынша қысымаң сай.
  2. Семей аймақтық эксплуатациялық басқармасының «Қазселденқорғау» ММ филиалы базасында филиалдың ашылуы.
  3. Агротехнопарк биогеохимиялық зерттеу бөлімі базасында шаруашылық келісім жұмысын жүзеге асыру – 1 келісім.
  4. Шетелдік ғалымдардың лекция оқуға шақыртылуы – 1 ғылым.
  5. Жоғары импакт-факторлы журналдарда ғылыми мақалалардың жариялануы – 2 мақала.
  6. Спорттық – жалпы қамтылған жұмыстар, студенттердің үлесі – 85 %.
  7. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылардың мамандық бойынша еңбекпен қамту, бітірушілердің үлесі – 80 %.