5B060800 – Экология

Мамандандыру: 5В060800 – «Экология»:
– «Қоршаған табиғи ортаның биоалуантүрлігін сақтау және қалпына келтіру»
– «Қоршаған ортаны бақылау – экспертті бағалау»

Біліктілігі 5В060800 – Экология
Оқу мерзімі- 4 жыл
Тандау бойынша пән– биология

Кәсіби қызметінің саласы
5В060800 – Экология мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы-өндіріс, басқару, ғылыми-зерттеу және білім беру салалары, экологиялық мониторинг қызметі, қоршаған ортаньң сапасы мен адам денсаулығын бакылау болып табылады.

Экология бакалавры мынадай қызметтерге орналаса алады: эколог-биолог, эколог-географ, эколог-топырақтанушы, эколог-физик, эколог-химик, эколог-сарапшы, эколог-зерттеуші, жалпы және арнаулы орта білім беру мекемедерінде биология, география және экология пәнінің оқытушысы. Жоғары базалық білім бар түлек мынадай қызметтерге тағайындала алады: өндіріс салалары бойынша эколог, орта және арнайы орта білім беру мекемелерінде оқытушы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор, эколог-инженер, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерінде эколог-лаборант, менеджер және т.б.

5B060800 1 5B060800 3 5B060800 2