Кафедра меңгерушісі: Нуржанова Кульсара Халимарденовна
БАЙЛАНЫСТАР

E-mail: aza938@yandex.ru

«Мал шаруашылығы және аңшылыктану» кафедрасы аграрлық факультеттің құрамына кіреді, бұл кафедра «Биология» және «Агротехнология» кафедраларының қайта құрылу барысында 2013 оқу жылы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда кафедра бакалавриаттың екі мамандығы бойынша студенттерді даярлайды: 5В080300 – Аңшылықтану және аң өсіру және 5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндеу технологиясы. Студенттер күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша дайындалады, сонымен қатар 2013 жылдан бастап колледжден кейін келген студенттермен жылдамдатылған оқу курсы жүргізіледі. Мамандық бойынша магистратура ашылған 6М080200 Мал шаруашылығын өндеу технологиясы.
Кафедраның меңгерушісі ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Нуржанова Кульсара Халимарденовна.

«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» және «Мал шаруашылығы өнімін өндеу технологиясы» мамандықтары бойынша сапалы білім беру, жоғары білімді, нарық жағдайында бәсекеге қабілетті, білікті, адамгершілік және зияткерлік қасиеттерді жоғары қоятын бакалаврлар мен магистрлерді даярлау, тәрбиелеу бағытында жұмыстар атқару.


«Мал шаруашылығы және аңшылықтану» кафедрасында студенттерді бакалавриаттың екі мамандығы бойынша даярлайды 5В080300 – Аңшылықтану және аң өсіру, 5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндеу.

5В080300 – Аңшылықтану және аң өсіру мамандығын бітіруші әр түрлі меншіктіліктегі аңшы және аң өсіретін шаруашылықтар; мемлекеттік табиғи қорықтар, зоологиялық қорықтар, ұлттық табиғи бақтар және басқа табиғи қорғауға алынған аумақтар; жануарлар әлемінің және аң шаруа-шылық республикалық, облыстық басқармалар; туристік ұйымдардың және аңшылардың, балықшылардың қоғамдық ұйымдарында жұмыс істей алады.

5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша мына бағытта жұмыс істей алады: ауыл шаруашылық мекемелері мен басқармаларында, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу зертханалары мен өндіріс орындарында, аумақтық инспекцияларда, мал шаруашылығы фермарларында, асыл тұқымды зауыттар мен түрлі шаруашылықтарда, кешендерде, құс фабрикаларында, ипподромда қызмет атқара алады.

Аңшылықтану және аң өсіру мамандығы бойынша оқытылатын негізгі пәндер – «Аңдар мен құстарды аулау техникасы», «Биотехния және жабайы аң мен құс өсіру», «Аңшылық жануарларды есепке алу», «Аңшылық ит шаруашылығы», «Трофейлік іс», «Аңшылық алқаптар типологиясы».

  1. Білім алушылардың білім сапасын 87% қамтамасыз ету;
  2. Оқу процесіне инновациялық техникалық оқыту тәсілдерін енгізуді және әдістемеліктермен қамтуды 92%-ға арттыру;
  3. Кафедраның студенттерін әр түрлі дәрежедегі ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша сайыстарға қатыстыру;
  4. Студенттердің және магистранттардың академиялық ұтқырлығы бойынша жұмысты 44%-ға кеңейту;
  5. Жұмыс берушілермен ынтымақтастықты арттыру, бітірушілерді жұмысқа орналастыруды – 85% жеткізу.