5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Біліктілігі– ауыл шаруашылық бакалавры
Оқу мерзімі– 4 жыл
Тандау бойынша пән– биология

Кәсіби қызметінің саласы: мал шаруашылығы бағытындағы ауыл шаруашылық өндірісінің салалары.
Кәсіби қызметтінің пәні
Барлық ауыл шаруашылық малдарының өнімдері, фермалардағы техника және технологиялық жабдықтар,мал шаруашылығында қолданылатын құрылыс объектілері, барлық табиғи және жасанды азық түрлері, ғылыми зертханалық құралдар.
Кәсіби қызметтінің объектілері
Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі мал шаруашылығы фермалары, кешендері, құс фабрикалары, ипподромдар, асыл тұқымды зауыттар, асыл тұқымды шаруашылықтар, зоопарктер, ғылыми зертханалар,қорықтар, ауыл шаруашылық мекемелер мен басқармалар, фермерлік және ұжымдық шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу зертханалары мен өндіріс орындары.