5В120100 – Ветеринариялық медицина

Біліктілігі-ветеринарлық дәрігері
Оқу мерзімі – 5 жыл
Тандау бойынша пән – биология

Кәсіби қызметінің саласы әр түрлі шаруашылық және меншік бағытында өсірілетін ауыл шаруашылығы малдың, құстың және балықтың індетті, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларрының алдын алу және емдеу жұмыстарын жүргізуге, адамға және малға ортақ аурулардан қорғау үшін, қоршаған ортаны мал және мал өлекселері арқылы берілетін қоздырғыштардан қорғау үшін.
Кәсіби қызметтінің пәні
Түлектердің кәсіптік қызмет нысандарына, ауыл шаруашылық малдың, құстың, балықтың барлық түрлері,ауруларды балау, емдеу және алдын алу үшін қолданылатын құрал-жабдықтар,приборлар, медикаменттер, биопрепараттар, химиялық реактивтер, биологиялық белсенді заттар, мал өнімдері, ғылыми жұмыс жүргізуге қажет құрал-жабдықтар, мал азығы, мал өрісі.
Кәсіби қызметтінің объектілері ауылшаруашылығы өндірісі саласына жаттатын шаруашылықтардың барлық түрлері, көлік, цирктер, ипподромдар, мемлекттік қызмет, асыл тұқымды бірлестіктер, ветеринарлық емдеу орындары,дәріханалар, лабораториялар, қорықтар, ет комбинаттары, мемлекеттік ветеринарлық қызмет мекемелері, ветеринарлық биологиялық бағыттағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, білім беретін оқу мекемелері бола алады.