Кафедра меңгерушісі: Серикова Айнур Темешовна
БАЙЛАНЫСТАР

Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Шугаев к-сі, 159, 310 кабинет
E-mail: aiser71@mail.ru

2004 жылдың қыркүйек айында  Аграрлық факультеттің құрамында ветеринарлық санитарлық дәрігерлерді дайындап шығару үшін «Ветеринарлық санитария» кафедрасы құрылды. Ол бұрынғы кафедра базаларынан құрылған: патологиялық анатомия, (профессор Жумабеков Х.С., доцент Оразалиева С.Б.), патологиялық физиология (ассоц. профессор м.а. Нуркенова М.К.), зоогигиена (профессор Садуақасов М.С.), ветеринарлық санитарлық сараптау (профессор Дюсембаев С.Т., профессор м.а.  Серикова А.Т.), эпизоотология және ветеринарлық санитариямен инфекциялық аурулар, ветеринарлық істі ұйымдастыру (доцент Блейм Т.Н.), микробиология және вирусология (профессор м.а. Байгазанов А.Н., профессор м.а. Омарбеков Е.О.).

Кафедра меңгерушісі ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Серикова Айнур Темешовна.

Кафедрада оқытылатын пәндер университеттің: аграрлық және инженерлік- технологиялық 2 факультетінде жүзеге асырылады. «Ветеринариялық санитария» кафедрасында: 14 оқытушы білім береді, оның ішінде 5 профессор, 5 доцент, 1 аға оқытушы және 3 оқытушы.

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

            5В120200 – ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ

5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша мамандарды дайындау мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде 1995 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

2004-2005 оқу жылынан бастап «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша мамандарды дайындау, халықаралық стандартқа сәйкес кредиттік білім жүйесі арқылы жүргізілуде.

Болондық Декларация (Хартия) мүшесі болып табылатын Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде жыл сайын мемлекеттік аттестациялау және халықаралық стандарт білім үрдісіне сәйкес лицензияны  құптау жүргізіледі.

2009 жылдан, қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары білімінен кейін мамандық Классификаторына сәйкес мамандарды дайындау (маман, магистр) 5В120200-«Ветеринариялық санитария» және 6М120200-«Ветеринариялық санитария» оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

№ 411 мемлекеттік лицензия, АА №0000044 сериялы, ҚР БҒМ берілген

выданной МОН РК по очной форме обучения. Аккредитациядан өткен іштей оқитын мамандарды дайындауға университет құқылы

Право университета осуществлять подготовку специалистов по аккредитуемой специальности подтверждено государственной лицензией № 411, серия АА №0000044, выданной МОН РК по очной форме обучения.

Оқу бағдарламасының спецификасын есепке ала отырып, 2 білім траекториясы әзірленген:

  • Бірінші білім траекториясы – «Жануарлар мен құстардың індеттік ауруларын ветеринариялық-санитариялық қадағалау».
  • Екінші білім траекториясы – «жануар және өсімдік тектес өнімдерді өндіру, сақтаудың ветеринариялық-санитариялық бақылау».

Өткен жылы (2014ж) жұмыс берушілермен бірге ОБ траекториясының атаулары қарастырылып, өзгертілді:

  • Бірінші оқу траекториясы – «Тағам қауіпсіздігі».
  • Екінші оқу траекториясы – «Ветеринариялық-санитариялық мониторингі», пәндермен толықтырылды.

Модульдік білім бағдарламасы (МББ) ҚР үкіметі бекіткен қаулысымен (23.08.2012 жыл, №1080), «Мемлекеттік жалпыбілім беру стандарты» , Типтік оқу жоспары, сонымен қатар №158 10.04.2012 жылдан ТОБ негізінде ҚР МЕСТ  05.04.019-2011 «Бакалавриат» ережесі құрастырылған.

Бітіруші мамандарға «маман – ветеринариялық санитариялық дәрігер» академиялық дәрежесі беріледі.

Кафедрада жоғары оқудан кейін магистратура және PhD докторантура бағдарламасы бойынша жүргізіледі (Лицензия на право ведения образовательной деятельности по специальности №0110295 от 02.06.2010г).

Магистранттың дәрежесі ҚР «Білім туралы» 20-7.07.2007ж. №319-III Заңымен,  ҚР 23.08.2012 жылы бекітілген №1080 «Жоғары оқудан кейінгі. Магистратура», Үкімет үкімімен анықталады. 5.04.033-2011 ҚР МЕСТ орнына енгізілді..

2004 жылдан бастап 6М120200 «Ветеринариялық  санитария» магистратура мамандығы бойынша «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша ветеринария ғылымдарының магистрі біліктілігі ғылым магистрі академиялық дәрежесі беріледі (Лицензия серия АБ  № 0137403, Приказ МОН РК от 03.02.2010 года  № 168).

Оқу бағдарламасын меңгеру барысында бітіруші түлектер оқу бағдарламасының матрицасында жазылған жалпы және арнайы компетенцияны игереді.

Бітіруші түлек ветеринариялық санитария қызметі (№ 20/37 2014 жылдың 21 қаңтарынан ҚР ауылшаруашылық министрлігінің бұйрығы. № 9460 2014 жылдың 21 мамырынан ҚР  юстиция министрлігінде тіркелген.) бойынша кәсіби стандартқа сай, келесі қызметтерге орналасуға болады:

– ветеринариялық дәрігер бактериолог

– ветеринариялық дәрігер токсиколог

– ветеринариялық дәрігер серолог

– ветеринариялық дәрігер микробиолог

– ветеринариялық дәрігер вирусолог

– ветеринариялық санитариялық дәрігер

2014 жылы жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіби білім оқу бағдарламасы бойынша 5В120200-«Ветеринариялық санитария» және 6М120200- «Ветеринариялық санитария» мамандықтары Аккредиттеу және рейтингтің Тәуелсіз агенттігімен 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

2015 жылы 5В120200 – «Ветеринариялық санитария» бакалавриат мамандығы жоғары оқу орындарының арасында НААР рейтингісі бойынша 3 орын иеленді.

Кафедрада мамандарды дайындауды жүргізетін жоғары маманданған профессорлар оқытушылар құрамы::  1 ғылым докторы,  5 профессор, 5 ғылым кандидаттары және 3 магистр. 190 студент, 17 магистрант білім алады.

Жетекші профессор Дюсембаев С.Т. – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің Мемлекеттік грант иегері «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» номинациясының иегері, сонымен қатар ғылым мен техниканың дамуына үлес қосуына байланысты Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанған.

2014 жылы Қазақстан Республикасының біліміне ерекше үлес қосқаны үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төс белгісімен марапатталды.

 

Мамандықтың материалды-техникалық базасы заманауи техникалық оқу құралымен жабдықталған.  Кафедрадағы оқу дәрісханалары компьютерлермен,   3D форматындағы LED теледидарлармен, интернет, интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Жануар өлекселерін союға арналған прозекториялар мен ұсақ зертханалық жануарларға (ақ тышқан, теңіз шошқалары, қоян, тауықтар) арналған виварилер болады.

 

Білім бағдарламасын жүзеге асыру үшін кафедраны АҚШ пен Турцияның ғаламдары келді. Солтүстік Дакота университетінің профессоры Чарлз Столтноу, Хьюстон университетінің профессоры Таттим Шайкен және Анкара университетінің профессоры Рифки Козироглу келді.

2014 жылы дәріс оқып және бірге ғылыми жобаларды ұйымдастыру үшін АҚШ-нан  (Солтүстік  Дакота Университетінен), Индиядан (Кочин, Керала, Центр биотехнологиялық жүйенің орталығы), Ресей Федерациясынан (Арахеология және энтомологияның Бүкіл Ресейлік ҒЗИ) және  Беларусия Республикасынан (НИВИ им. С.Вышелесский атындағы ҒЗВИ) Финогенов А.Ю. профессоры, Польшаның Белосток қаласынан Божена Лозовицка профессоры келді. В течение 2016 жылы Индиядан Башор профессорының келуі жоспарлануда.

Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы гранттық, шаруашылық шарты мен бюджеттік бағдарламаларды орындауға қатысады.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары: «Індеттану, жануарлар мен құстардың инфекциялық және инвазиялық ауруларының  клиникалық -морфологиялық белгілері мен патогенезі, сою өнімдері мен қоршаған орта обьектілерінің ветеринариялық-санитариялық бағасы» мәселелерін зерттеуге байланысты.

Кафедраның қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстарын профессор  Дюсембаев С.Т. және  Байгазанов А.Н. жетекшілігімен ҚР БҒМ мен ҚР АШМ гранттары бойынша жүргізеді.

Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы  жеке ғылыми бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының үздік жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірге ғылыми зерттеулер жүргізеді. Әсіресе жиі ЖШС «ҚазҒЗВИ» АҚ «ҚазАгроИнновация» бірігіп жүргізеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Агротехнопарктың арнаулы зертханасы «Ветеринариядағы биопрепараттар», Радиоэкологиялық ғылыми зерттеу орталығында, Шығыс Қазақстан облысының базарындағы ветеринариялық-санитариялық зертханасында және шаруашылықтардың өндірістік жағдайларында. Зерттеудің нәтижелерін оқу үрдістері мен өндіріске енгізіп, сонымен қатар студенттер диплом жобаларын, курстық жұмыстарын және магистранттар магистерлік диссертацияларын орындау кезінде де қолданылады.

Ғылыми үйірмелерге қатысушы студенттер жоғарғы оқу орын арасындағы, республикалық және халықаралық конкурстарда баяндайды.

2013 жылы ҚР жоғарғы оқу арасындағы үздік студенттік жұмыстардың республикалық конкурсында  Таукебаева Н. 2-ші орын алды.  2015 жылы жоғарғы оқу арасындағы студенттердің ғылыми конференциясының нәтижесі бойынша  I-ші орынды Темешова Ж., 2-ші орынды Смайлова Б. және 3-ші орынды  Мержакып М. иеленді.  2016 жылы  жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша XIX студенттік ғылыми студенттік конференцияның нәтижесі бойынша   1- ші орынды  Мержакып М., 2- ші орынды  Темешов Д., 3- ші орынды  Асетова  Г.  иеленді. 2016 жылы 5 курс студенті  Мержакып М. Павлодар қаласында өткен жас ғалымдар мен магистранттар, студенттер мен оқушылардың «XVI Сәтпаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысып 3-ши орынды иеленді.

 

Университет пен кафедраның  беделді бағытының бірі академиялық ұтқырлықты дамыту, білім беру бағдарламаларын курстар және мамандықтар бойынша, дайындық деңгейін, бағалауды бірдейлендіру жүйесін және т.б.  қатарластыру. Бұл тапсырсаны шешуде оқу барысының дұрыс жоспарлануы және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру, мамандықтың дамуында келешегі бар екендігіне көз жеткізу керек.

Бұл бағыта Қазақстандық ұлттық аграрлық университетімен (Алматы қ.), Батыс-Қазақстандық Жәңгір Хан атындағы агротехникалық университеті (Орал қ.), С.Сейфулин атындағы Агротехникалық университетімен (Астана қ.) серіктестік қатынастар орнатылған. Мемлекетаралық академиялық ұтқырлық және серіктестікті жүргізу мақсатында «Мевлана» бағдарламасы бойынша Памукале университетімен және «Эразмус+» (Түркия), Джионгсанның Ұлттық университеті (Корея).

2013-2014оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 4 курс студенті Карибжанов Н. ҚазҰАУ оқыған. 2016 жылы қаңтарда 4 курс студенттері Темешова Ж., Смаилова Б., Хогжилбек Ж. Батыс-Қазақстандық Жәңгір Хан атындағы агротехникалық университетінде оқудан өтті, орынына  2 студент Ғұмар Ақұштап және Дәуренқызы Гүльдана келді.

Мамандық бойынша білім беру бағдарламасы келесі тәжірибе түрлерін қамтиды: оқу, кәсіптік, дипломдық тәжірибе. Студенттер тәжірибесі  белгіленген академиялық күнтізбе және келісім шарт бойынша жүзеге асырылады.

Жоспарды қалыптастыратын 10 түрлі мекемелер бар, оларда студенттер оқу барысында тәжірибеден өтеді (Областной филиал РГУ РПЭО Комитета ветеринарного контроля и надзора МСХ РК; Семейский региональный филиал РГП «Республиканская ветеринарная лаборатория; ТОО «СемейВет» и другие хозяйствующие объекты региона разных форм собственности). 5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша түлектерді дайындау сапасына мониторингтар жүргізіледі. Кафедрада: ТОО «Лазарев и К» және ТОО Акшын «Семей Вет» филиалдары бар, олар студенттер мен магистрларды 5В120200 «Ветеринариялық санитария», 6М120200 «Ветеринариялық санитария» (магистратура) мамандықтары бойынша оқытуда қолданылады.

Кафедра филиалы

Тәрбиелік жұмыстар жоспар бойынша жүргізіледі, оған экологиялық тәрбие,  салауатты өмір салты, патриоттық сезімді тәрбиелеу, мемлекетаралық бірлік пен келісім жатады. Студенттер «Альянс-студент» клубы, «Нұр Отан»партиясының жастар қанаты- «Жас Отан», «Жасыл Ел» ұйымының құрамына кіреді.  Кафедра жүйелі түрде түлектердің орналасуларымен айналысады. ШҚО аграрлық секторы мен  Шәкәрім атындағы МУ  бітірушілермен дөңгелек үстелдер өткізеді.

Уақыт талабына сай, күнделікті оқу процесіне заманауи технология жаңалықтарын енгізе отырып жоғары дәрежелі ветеринариялық санитария мамандарын  дайындау.

Мақсаты – ветеринараиялық санитария кафедрасының мақсаты  тағам қауіпсіздігімен қамтамасыз етіп, ұлт денсаулығын сақтау үшін агроөнеркәсәптік комлексті жоғарғы білімді мамандарды дайындау.

Міндеті – оқу үрдісіне жаңа ииновациялық әдістерді енгізе отырып жоғары білімді және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, мал шаруашылық өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін бақылау үшін ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

Негізгі іс-әрекет түрлері:

  • университеттің нормативтік құжаттарына сүйене отырып, қажетті әдістемелік-ұйымдастыру,  ғылыми-тәрбие жұмыстары бойынша  құжаттарын әзірлеу;
  • мамандықтың оқу бағдарламасын, яғни оқу троекториясын жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жасап, бекіту;
  • типтік бағдарламаны негізге ала отырып, мамандықтық іштей және сырттай оқу бөлімінің оқу жоспарын жасап, бектіу;
  • әдістемелік ұсыныстар бойынша пәннің оқу бағдарламасын дайындау және безендіру;
  • құжаттық процедураға сүйене отырып, пәннің оқу-әдістемелік мазмұны мен құрылымын жасап, бекіту;
  • көптілді топтардың енуіне байланысты ПОҚ бағытты мамандануын жетілдіру;
  • мамандықтың ерекшелігіне орай, оқу және өндірістік тәжірбиелердің  әдістемелік ұсыныстарын жасау және бекіту. Жұмыс берушілердің талабы бойынша студенттердің кәсіптік бағытын анықтап жеке және коллективті келісім-шартқа отыр, бекіту;
  • ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР АШМ-нің ғылыми жобаларына қатысу және ұтып алып, ғылыми зертеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми мақалалармен, конференцияларға қатысу;
  • интеграциялық білім мен ғылымды өндіріспен байланыстыру;
  • магистранттардың тақырыбын ғылыми бағытта бекітіп, дайындау және ғылыми жұмыспен шұғылдануын қадағалау;
  • студенттерді СҒҚ (СНО) қатысуына жағдай жасау және баулу;
  • студенттерді халықаралық, республикалық олимпиадаға дайындау және қатысып жүлделі орынға ие болу;
  • студенттермен тәрбиелеу мақсатында кафедраның топтарына тәрбие жоспарын құру, бекіту. Жоспардың берілген бағыттары бойынша әр түрлі мерекелік іс-шараларды өткізу,  хаттамамен бекіту және кафедра отырысы мен факультеттің ғылыми кеңесінде баяндама жасау;
  1. ПОҚ –ның біліктілігін арттыруды 30 % дейін арттыру.
  2. Мамандық бойынша көптілділік топтардың енуіне байланысты ПОҚ бағытты мамандануын жетілдіру.
  3. Импакт фактормен 2 мақаланы басылымға жариялау.
  4. Студенттердің ғылыми жұмыспен айналысуын 45% дейін көтеру.