5В120200 – Ветеринарлық санитария

Біліктілігі – Ветеринариялық санитариялық дәрігері
Оқу мерзімі – 5 жыл
Тандау бойынша пән – биология
Түлектер төменгі қызметтер бойынша жұмыс істей алады:
– Шекарадағы ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
– Індетке қарсы отрядтарда ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
– Базарлардағы, зертханалардағы ветеринариялық-санитариялық инспекторы және ветеринариялық-санитариялық сарапшы;
– Ет өңдеу және шұжық консерві дайындау кәсіпорындарында ветеринариялық-санитария дәрігері ;
– Мемлекеттік кедендік мекемелерінде ветеринариялық-санитариялық қызмет;
– Биологиялық комбинаттар және биологиялық белсенді заттарды даярлайтын және олардың сапасын бақылайтын кәсіпорындарда;
– Көлік және кедендегі бақылау өткізу пунктері;
– Ветеринариялық бағыттағы оқу орындары, мекемелер және ғылыми зерттеу институттары.
Ветеринариялық-санитария дәрігері мамандарының кәсіби қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:
– Адам және жануарлар денсаулығын қорғау;
– Жануарлар ауруларының алдын алу;
– Қоршаған ортаны қорғау;
– Жануарлар, өсімдік өнімдерінің сапасын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– Биопрепараттар өндіру;
Студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында, көптеген пәндерден сабақ ауылшаруашылық кешендерінде, әр түрлі нысандарында: «Семей ет комбинаты», «Тері былғары», «Приречное» агрофирмасы, қала базарларының ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында, аймақтық ветеринариялық зертханада, сою қасапқаналарда, дезинфекциялық станцияларда және т.б.нысандарда өткізіледі.МАГИСТРАТУРА
Мамандық 6M120200 «Ветеринарлық санитария»
6M120200 «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша бітірген түлекке «Ветеринарлық санитария магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. 6M120200 «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша магистрі ғылыми зерттеу институттарында ғылыми қызметкер, жоғары оқу орындарында оқытушы, өндіріс орындарында, аграрлық бөлімдердегі ғылыми зерттеу зертханаларында, мал шаруашылығында, тағам және қайта өңдеу өндіріс орындарында ветеринариялық-санитария дәрігері және ветеринарияны басқару аппаратында маман және менеджер ретінде жұмыс істей алады.

ДОКТОРАНТУРА
6D120200 «Ветеринариялық санитария»
6D120200 «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша бітірушіге мамандығының (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесі беріледі.

5B120200 1 5B120200 3 5B120200 55B120200 65B120200 75B120200 85B120200 95B120200 115B120200 125B120200 135B120200 25B120200 165B120200 105B120200 145B120200 15